Location via proxy:   [ UP ]  
[Report a bug]   [Manage cookies]                

Дональд Трампқа жасалған қастандық

2024 жылғы 13 шілдеде, Батлердегі (Пенсильвания) жиында сайлауалды президенттік кампаниясымен келіп, сөз сөйлеген Америка Құрама Штаттарының бұрынғы президенті және сайлаудағы басты республикашыл үміткер Дональд Трамп өміріне қастандық жасалды.[6] Федералдық тергеу бюросы бұл атысты «қастандық» ретінде тергеуде.[3]

Дональд Трампқа жасалған қастандық

Томас Мэтью Крукстың (қызыл), Дональд Трамптың (қара) және АҚШ Құпия қызметі жасақ тобының (көк) шамамен орналасқан жерлерін бейнелейтін диаграмма
Шынайы атауы

Attempted assassination of Donald Trump

Шабуыл орны

Батлер, Пенсильвания, АҚШ[1]

Координаттар

40°51′26″ с. е. 79°58′16″ б. б. / 40.8571223° с. е. 79.9711779° б. б. / 40.8571223; -79.9711779 (G) (O) (Я)

Дата

шілде 13, 2024 (2024-07-13)

Уақыты


18:11 (4 ай бұрын)[2] (UTC−4:00)

Шабуыл нысанасы

Дональд Трамп[3]

Шабуыл әдiсi

атыс, адам өміріне қастандық, саяси зорлық-зомбылық

Қару-жарақ

AR-15

Қаза тапқандар саны

2 (қылмыскермен қоса)[4]

Жарақаттанғандар

3 (Дональд Трамппен қоса)[5]

Қылмыскерлер

Томас Мэттью Крукс

20 жаста болған Республикалық партия мүшесі Томас Мэттью Крукс митинг кезінде оқ атты да, АҚШ қауіпсіздік қызметкерлері оны көп ұзамай атып өлтірді. Крукстың атқан оғы Трамптың құлағын жыртып өтті де, үш басқа адамға тиіп қалды, солардың бірі болған 50 жастағы азамат бірден көз жұмды. Трампты Құпия қызмет көлігіне мінгізді де, ауруханаға жеткізді. 14 шілдеде Трамптың ауруханадан шыққаны белгілі болды. Қастандыққа қарсы түрлі саясаткерлер, соның ішінде Джо Байден шықты.

Бұл оқиға — 1981 жылғы Рональд Рейганға атылған оқтан бергі АҚШ президентіне жасалған бірінші қастандық.[7]

Атыс

өңдеу

Дональд Трамп мінбер басына сағат 18:03 (UTC-4) қарай келді. Шамамен 10 минуттан кейін, сағат 18:12-ге қарай Томас Мэттью Крукс AR-15 арқылы сегіз оқ атты.[8] Круксты күзет тексере алмай қалған еді; ол митинг қауіпсіз зонасының сыртында болған да, айналада, Трамптан 61–122 метрдей қашықтықта болған бір сарай үстіне мініп алған.[9][10][11][12] Хабарламалар куәгердің шатырда мылтық алып жүрген ер адамды байқағанын және Трампқа оқ атқанға дейін бірнеше минут бұрын полицияға ескертуге әрекеттенгенін көрсетті.[13]

Атыс орын алғанда Трамп оң құлағы мен бетінен қан көрінді.[3] Ол құлағын қолымен жаба тұрып,[11] мінбердің артына тығылды.[1] Көп ұзамай оны АҚШ құпия қызметкерлері көтеріп, қоршап алды. Күзет қызметкерлері Трампты мінберден алып кетпек болғанда Трамп өз жұдырығын көтеріп, «күресіңіз, күресіңіз» деп айқай салды.[3] Қауіпсіздік қызметі Круксты оқиға орнында атып өлтірді де,[1][11] Трампты көлікке алып кетіп,[1] оны ең жақын болған ауруханаға апарды.[11]

Құрбандары

өңдеу

Трампты санамағанда митингіге келген тағы үш ересек ер адам оққа түсті.[14] Соның бірі болған 50 жастағы Кори Комператор бірден қайтыс болса, қалған екеуі ірі жарақат алды.[15] Комператор бұрын өрт сөндіруші болған. Оның отбасы мен Пенсильвания губернаторы Джош Шапироның айтуынша, ол қыздарын оқтан қорғап жатқан кезінде қайтыс болған.[16]

Қылмыскер

өңдеу
Толық мақаласы: Томас Мэттью Крукс

14 шілдеде Федералдық тергеу бюросы қылмыскердің 20 жастағы Пенсильвания тумасы Томас Мэттью Крукс болғанын білді.[17] Крустың Республикалық партия мүшесі болғаны белгілі.[18] Оның белгілі сотталғандығы болмаған.[19][20] Пентагон оның әскери қызмет өткермегенін анықтады.[21] Ол жақын маңдағы қарттар үйінің асханасында жұмыс істеген еді.[16]

Салдары

өңдеу
 
Джо Байден әкімшілігінің Трампқа жасалған қастандықты талқылауы, 14 шілде 2024

АҚШ әкімшілігінің хабарлауынша, оқиғадан кейін президент Джо Байден Трамппен телефон арқылы сөйлескен.[17]

14 шілдеде Трамптың ауруханадан шыққаны және Нью-Джерсиге жол алғаны белгілі болды. Ол жақта Трамп гольф ойнайды деп хабарлайды жергілікті ақпарат көздері.[17]

Азаттық радиосы хабарлауынша, орын алған қастандықтың партиялар арасындағы қайшылықты тереңдетіп, Америка саясатындағы күш қолдану табиғаты туралы дауды өршітуі мүмкін.[17]

Реакция

өңдеу

Трамп

өңдеу

Қауіпсіз екені расталғаннан кейін көп ұзамай Трамп Truth Social арнасында мәлімдеме жасап, басынан кешіргенін айтып, құқық қорғау қызметкерлеріне алғыс айтып, қаза тапқан және жараланған адамдардың отбасыларына көңіл айтты.[22]

  Мен Америка Құрама Штаттарының Құпия қызметіне және барлық құқық қорғау органдарына Пенсильвания штатының Батлер қаласында болған атыс оқиғасына жылдам әрекет еткені үшін алғыс айтқым келеді. Ең бастысы, митингте қаза тапқан адамның отбасына, сондай-ақ ауыр жарақат алған тағы бір адамның отбасына көңіл айтамын. Мұндай әрекеттің біздің елде орын алуы таң қалдырады. Қазір мерт болған атқыш туралы әзірге ештеңе белгісіз. Оң жақ құлағымның үстіңгі бөлігін тесіп өткен оқпен атылдым. Мен бірдеңе дұрыс емес екенін бірден білдім, оған себеп болған өзімнің сықырлаған дыбысты, оқты естігенім және оқтың теріні жарып өткенін бірден сезгенім. Көп қан кетті де, мен сондықтан не болып жатқанын түсіндім. АМЕРИКАНЫ ҚҰДАЙ САҚТАСЫН!
 

АҚШ өкілдері

өңдеу
АҚШ президенті Джо Байден Дональд Трампқа жасалған қастандыққа қатысты мәлімдеме жасады, 14 шілде 2024

АҚШ президенті Джо Байден қастандықты сынға алды, Трамп пен отбасына дұға жасайтынын айтты да,[17] «Бұған ешқашан көз жұмып қарай алмаймыз» деп те айтып кетті.[23]

Қастандыққа қарсы тағы бірнеше заң шығарушы орган өкілдері, Джордж Уокер Буш, Барак Обама және Джимми Картер құрған қор шықты.[7]

Дереккөздер

өңдеу
  1. a b c d АҚШ-та Дональд Трампқа оқ атылып, ол жеңіл жарақаттанды  (қаз.). Азаттық радиосы (14 шілде 2024). Тексерілді, 15 шілде 2024.
  2. Nolfi, Joey Donald Trump grazed by gunfire at rally in Pennsylvania  (ағыл.). Entertainment Weekly (13 July 2024). Мұрағат көшірмесі 14 шілденің 2024 Wayback Machine мұрағатында
  3. a b c d АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп митинг кезінде жараланды. Оқиға қалай болды?  (қаз.). Азаттық радиосы (14 шілде 2024). Тексерілді, 15 шілде 2024.
  4. Live updates: Shooter dead, rally attendee killed and Trump whisked off stage after gunshots ring out at rally, Associated Press News. Тексерілді 13 шілденің 2024. Мұрағат көшірмесі 13 шілденің 2024 Wayback Machine мұрағатында
  5. Levien, Simon J.. Report From the Scene: 'Get Down! Shots Fired!', The New York Times (July 13, 2024). Тексерілді 13 шілденің 2024. Мұрағат көшірмесі 13 шілденің 2024 Wayback Machine мұрағатында
  6. Trump shot in right ear at campaign rally, shooter dead.
  7. a b Әділбекұлы, Арыс Трамп бір өлімнен аман қалды. Бұл қастандық жайлы не білеміз?  (қаз.). inbusiness.kz (14 шілде 2024). Тексерілді, 15 шілде 2024.
  8. How the deadly Trump rally shooting unfolded in Pennsylvania  (ағыл.). The Washington Post (14 July 2024). Тексерілді, 15 шілде 2024.
  9. Abraham, Leanne; Kim, June; Shao, Elena; Shaver, Julie Walton; Singhvi, Anjali; Triebert, Christiaan; Yourish, Karen Shooting at a Trump Rally in Pennsylvania: Maps and Photos  (ағыл.). The New York Times (13 July 2024). Мұрағат көшірмесі 14 шілденің 2024 Wayback Machine мұрағатында
  10. Gold, Michael; Barnes, Julian E.; Levien, Simon J. Live Updates: Trump 'Safe' After Rally Shooting; F.B.I. Holds News Conference  (ағыл.). The New York Times (13 July 2024). Мұрағат көшірмесі 13 шілденің 2024 Wayback Machine мұрағатында
  11. a b c d Watson, Kathryn Trump says bullet 'pierced the upper part of my right ear' when shots were fired at Pennsylvania rally  (ағыл.). CBS News (13 July 2024). Тексерілді, 15 шілде 2024.
  12. Possible security lapses in focus after Trump rally shooting  (ағыл.). Reuters (13 July 2024). Тексерілді, 15 шілде 2024.
  13. O'Donoghue, Gary Trump rally: Witness says he saw gunman minutes before shots were fired  (ағыл.). BBC News (13 July 2024). Тексерілді, 15 шілде 2024.
  14. Chowdhury, Tori B. Powell, Shania Shelton, Matt Meyer, Isabelle D'Antonio, Emma Tucker, Jessie Yeung, Dalia Faheid, Amarachi Orie, Michelle Shen, Michael Williams, Maureen Live updates: Trump survives assassination attempt | CNN Politics  (ағыл.). CNN (13 July 2024). Тексерілді, 15 шілде 2024.
  15. Update from Michael Gold  (ағыл.). CNN (13 July 2024). Мұрағат көшірмесі 13 шілденің 2024 Wayback Machine мұрағатында
  16. a b Man killed at Trump rally was former fire chief in Butler County who was protecting family  (ағыл.). Pittsburgh Post-Gazette (14 July 2024). Тексерілді, 15 шілде 2024.
  17. a b c d e Трамп ауруханадан шықты. Қастандықты тергеумен ФБР айналысып жатыр  (қаз.). Азаттық радиосы (14 шілде 2024). Тексерілді, 15 шілде 2024.
  18. Layne, Nathan; Larson, Soren; Borter, Garbiella FBI identifies Thomas Matthew Crooks as 'subject involved' in Trump rally shooting  (ағыл.). Reuters (15 July 2024). Тексерілді, 15 шілде 2024.
  19. Cann, Christopher; Bagchi, Aysha Thomas Matthew Crooks identified as Trump shooter at Pennsylvania political rally  (ағыл.). Reuters (14 July 2024). Тексерілді, 15 шілде 2024.
  20. McGraw, Meridith; Allison, Natalie Trump 'felt the bullet ripping through the skin' during campaign rally shooting  (ағыл.). Politico (13 July 2024). Тексерілді, 15 шілде 2024.
  21. Jack, Healy; Baker, Mike; Bogel-Burroughs, Nicholas; Benner, Katie Here's What Is Known About the Suspected Gunman  (ағыл.). The New York Times (14 July 2024). Мұрағат көшірмесі 14 шілденің 2024 Wayback Machine мұрағатында
  22. Trump says bullet 'pierced' his ear in first statement after rally shooting  (ағыл.). MSNBC (14 July 2024). Тексерілді, 15 шілде 2024.
  23. Трампқа қастандық жасалды  (қаз.). trt.net.tr (14 шілде 2024). Тексерілді, 15 шілде 2024.

Сыртқы сілтемелер

өңдеу
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Дональд Трампқа қастандық