Айва
Айва, беже (Cydonіa) — раушан гүлділер тұқымдасына жататын өсімдік, жеміс ағашы немесе бұта. Қазақстанда Жамбыл, Алматы,Шымкент облыстарында кездеседі. Ол жерлерде кәдімгі (сопақша) айва (С. oblonga) деп аталатын түрі өседі. Оның биіктігі 3-4 м, жапырағы сопақша, бүтін жиекті болып келеді. Ақ, қызғылт түсті ірі гүлі бір-бірден орналасады. Жемісі көп ұялы, қатты, етті, дәмі қышқылтым, салмағы 250-300 гр-дай болады. Айва табиғи түрде тұқымы, тамыр атпасы арқылы, ал мәдени түрде ұластыру, қалемшелеу, сұлатпа бұтақтары және бүршіктерін телу арқылы көбейтіледі. Жемісінің құрамында 7,22-15,06% қант, 0,24-1,26% алма, лимон қышқылдары, 0,18-0,97% пектин заты, С витамині мен эфир майы бар. Жемісі консервіленіп, тосап түрінде қайнатылып та сақталады.[1]
Айва | ||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||||||||
Cydonia oblonga Mill. | ||||||||||||||||||||||
Синонимдері | ||||||||||||||||||||||
C. vulgaris |
Өсімдік туралы
өңдеуБеже – халық арасында «айва» деген атпен белгілі, ерте көктемде гүлдейтін бұталы өсімдік. Ол раушан гүлділер тұқымдасына жатады. Биіктігі үш метрге дейін өседі. Биік ағаш түрлері де бар. Бірақ көгалдандыруда әдемі гүлдейтін бұталы түрлері ғана қолданылады. Қытай, Жапон елдерінен шығып, әлемге таралған. 1796 жылдан бері қолданыста. Бүгінде беженің көптеген бақшада өсетін түрлері пайда болды. Олар альпі шоқысына егуге арналған (аласа бойлы бұтақты беже, биіктігі 50 см), үш түсті беже (аласа бойлы бұтақты беже, жапырағы үш түстен құралғандықтан осылай аталған) және гибридтік беже. Қазақстанның Оңтүстігіндегі тау беткейлерінің төменгі жағында, әкті топырақта табиғи түрдегі кәдімгі беже өседі. Жылылықты сүйетін табиғи бежені мәдени өсімдікке айналдырылған. Ол климаты жылы аймақта, ылғалды топырақта жақсы өсіп-өнеді. Сәуір айында гүлдейді. Гүлдеп болғаннан кейін жемістері пайда болады. Жемістері ұсақ, қатты, дәмі қышқыл болып келеді. Биіктігі мен ені бір-екі метрдей болатын жапондық беже – көгалдандыруда жиі пайдаланылады. Сабақтары тікенекті, жапырақтары ұзыншақ жылтыр, шеттері тістілеу, гүлдері ашық қызыл, қызғылт, ақ түсті болады.
Күтімі
өңдеуЖаз айларында бұтасын сиретіп қырқуға болады. Егер қалыпты бір пішінде ұстағыңыз келсе, гүлдеп болғаннан кейін бірден қырқып-пішіндеген жөн. Егер кешіктіріп қырықса, келесі жылы көктемде бұтаның сол жылы шыққан жоғарғы бөлігі гүлдемей қалады. Ыстық күндері молынан суғару керек.
Көбейтілуі
өңдеуЖаз айларында көлеңке жерде жас қалемшелерін тамырландыру немесе өсімдіктің тамырланған жанама бұталарын бөліп алу арқылы көбейтеді. Сонымен бірге оны тұқымы арқылы да көбейтуге болады.
Айва туралы тақпақ
өңдеуКел, балақай, Беже ағашын біліп ал,
Таралыпты қытай, жапон елінен.
Күлгін, қызыл және ақ түсті гүлі бар,
Көрген адам қуат алар өңінен.
Жемісі бар кішкене алма пішіндес,
Пайдасы мол теріп алса жөнімен.
Көктем шыға құлпырады гүл жарып,
Бабы жақсы бақшалардың төрінен.
Айва қосылған ет
өңдеуЕтті ұсақтан турап, әбден қызарғанша қуырады, сосын оны кастрюльге салып, үстіне толық бататындай су (немесе сорпа) құнды да, бұқтырыл пісіреді. Тазартыл (қабық, өзегінен) туралған айваны еттің үстіне салып, қуырылған пияз, тұз, ұнтақ қара бұрыш қосып пісіреді. Тарамды дастарқанға қояр алдында үстіне ұсақтал туралған аскөк пен петрушка себеді.
- 400 г сұрпы етке:
- 400 г айна
- 1 бас пияз
- 2 ас қасық
- сары май
- дәм татымына қарай тұз
- бұрыш салынады.
Айва пастиласы
өңдеуПіскен айваны жуып, сүртін, төртке бөледі де өзегінел тазартады, оған тазалан, кесілген алма (қаттырақ сорттары тиімдірек) қосады (1 кг айваға 3—4 түйір алма қажет). Кесіп болысымен жемістерді су құйылған кастрюльге салып, (1 кг жеміске 1,5 л су), қақпағын жауып, бір сағаттай баяу отта қайнатады. Піскен-піспегенін шыбықпен байқауға болады: егер шыбық жеміске оңай батса — піскені. Бұдан соң үккіштен өткізеді, құмшекер (1 килограмына 400 г есебінен) және бір лимонның шырынын қосады. Ұдайы араластыра отырып, қоюлан ғанша қайнатады. Сосын суланған тақтайға (қалыңдығы 1 ем) салып, үстін пышақ пен тегістейді. Пастила жабысып қалмас үшін пышақты суға 6 атыр ын алған дұрыс. Содан соң бетін дәкемен жауып, құрғақ әрі жақсы желдетілетін орынға 2—3 күн қояды. Пастила кепкен соң төрт бұрыштал кесіп, қант ұнтағына аунатады. Ұзақ уақыт сақтау үшін пастиланы қаңылтыр қорапқа салу қажет.[2]
Сілтемелер
өңдеу- Гүлстан, өсімдіктер туралы сайт Мұрағатталған 20 ақпанның 2012 жылы.
Дереккөздер
өңдеуҚ 74 Құлжабаева Г.Ә.;«Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені, Жидектер: Дидактикалық материал. - Алматы, 2011. - 16 б;ISBN 978-601-7237-31-8
- ↑ “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
- ↑ Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |