Location via proxy:   [ UP ]  
[Report a bug]   [Manage cookies]                

Араб тілі

Араб елдерінде және көршілес мемлекеттерде таралған семит тілі

Араб тілісемит тілдерінің ішіндегі сөйлеушілер саны жағынан бірінші орын алатын, әлемде 422 миллионға жуық адам сөйлесетін тіл. Араб тілі негізінен араб елдерінде және Сенегал, Чад, Эритрея елдерінде таралған. Араб тілі Құранның тілі болғасын мұсылмандардың арасында қасиетті тіл саналады және кейбір құлшылықтар (мыс.: намаз) араб тілінен басқа тілде орындалмайды. Сонымен қатар араб тілі кейбір араб елдеріндегі христиандардың діни жоралғылары орындалатын тіл. Орта ғасырлық яһуди дініне арналған еңбектердің көбісі осы араб тілінде жазылған. Ислам дінінің таралып, мұсылмандардың көптеген елдерді билеуіне байланысты араб тілінің да мәртебесі жоғарылап, араб тілі саясат, әдебиет пен ғылымның тіліне айналды. Араб тілі түркі тілдерге және урду, албан, малай мен индонезия тілдеріне, кейбір африкалық тілдерге (хауса, суахили), европалық тілдерге (испан, португал, мальта тілдері) көп әсер етті.

Араб тілі
Өз атауы:

العربية

Айтылуы:

/al ʕarabijja/, /ʕarabiː/

Елдер:

Алжир, Бахрейн, Мысыр, Батыс Сахара, Иордания, Ирак, Йемен, Катар, Кувейт, Ливан, Ливия, Марокко, БАӘ, Оман, Палестина, Сауд Арабиясы, Сирия, Тунис, Мавритания — халқының көбі;
Судан, Джибути, Сомали, Коморлар — халқының орташа бөлігі;
Чад, Мали, Нигер, Орталық Африка Республикасы, Кения, Танзания, Түркия, Иран, Израиль, Нигерия, Сенегал, Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Оңтүстік Американың кейбір елдері — халқының орташа немесе аз бөлігі

Аймақтар:

Араб әлемі

Ресми күйі:

Араб тілі 27 елде ресми тіл болып табылады (тізімді қараңыз).

Реттейтін мекеме:
Сөйлеушілер саны:

292 млн (ана тілі ретінде) — 422 млн адам (екінші тіл ретінде)

Рейтинг:

2

Классификация

Афразия макроәулеті

Семит әулеті
Батыс семит бұтағы
Орталық семит тобы
Араб топ тармағы
Жазуы:

араб жазуы

Тіл коды
МЕСТ 7.75–97:

ара 050

ISO 639-1:

ar

ISO 639-2:

ara

ISO 639-3:

ara

Тағы қараңыз: Жоба:Лингвистика
Араб тілінің жалғыз ресми /жасыл түс/ және бірнеше ресми тілдердің бірі /көк түс/ ретінде таралуы

Араб тілі араб елдерінде, Эритрея, Чад пен Израиль елдерінде ресми тіл саналады. Араб тілі БҰҰ-ның алты ресми тілінің бірі боп табылады.

Араб тілі лексикалық жағынан ең өнімді тілдерге жатады. XIII ғ. жазылған Ибн Манзурдың «Лисан әл-араб» кітабында 80 мыңға жуық сөздік жинақталған. Мысалға XVIII ғ. жазылған Сэмюель Джонсонның ағылшын тілі сөздігінде 42 мың сөз бар[1].

Араб тілі 28 әріптен құралған. Бірақ кейбір тіл ғалымдары «һамза» белгісін әріп ретінде санап, араб әліппесі 29 әріптен тұрады деп санайды. Араб тілінің басқа тілдерден айырмашылығы — парсы және иврит тілдері сияқты араб жазуы оңнан солға жазылады. Араб тілінің ерекшеліктері: тілде және әліпбиде "ч, п" дыбыстары, әріптерінің болмауы. Прото семиттік (барлық семит тілдерінің бабасы) тілдегі п араб тілінде ф-ға ауысқан.

Араб тілінің атаулары

өңдеу
  • Құранның тілі — мұсылмандардың қасиетті кітабы Құран араб тілінде болғандықтан осылай аталып кеткен.
  • «Дад» әрпінің тілі — «дад» (ض) әрпі тек қана араб тілінде кездескендіктен, бұл тілді осылай атап кеткен. Бұған Әбу Таийб әл-Мутанаббидің сөзі мысал бола алады:

Олардың мақтанышы «дад»-ты айту

Араб тілінің классификациясы

өңдеу

Тіл ғалымдарының тұжырымы бойынша араб тілі Афро-Азиялық семит тілдері тобынан шыққан. Бұл тіл батыс семит тілдерінің орта бөліміне жатады, сондықтан араб тіліне ең жақын тілдер: иврит және арамей тілі. Араб тілі пайда болу және тарихы жағынан семит тілдерінің ең жас тілдерінің бірі саналады, бірақ кейбіреулер оны бастапқы семит тілдерінің негізі болған тілге ең жақын тіл санайды. Бұлай айтудың себебі араб тілі тек Арабия түбегінде қолданылып, басқа семит тілдері сияқты шет тілдерден әсер алмаған.

Араб тілінің пайда болуы

өңдеу

Араб тілінің пайда болуы туралы көптеген пікір бар. Біреулер араб тілін ең алғаш қолданған Йариб (араб.: يعرب‎) деген адам болып, осы тіл соның атымен байланысты аталған деп санайды. Мұхаммед пайғамбардан ﷺ жеткен хадисте анық араб тілімен ең бірінші сөйлеген Ибраһимның ұлы Исмаил пайғамбар болған деп айтылған. Ал кейбіреулер араб тілі жұмақтағы Адам ата сөйлеген тіл деп санайды, бірақ бұған дәлел ететін діни мәтіндер жоқ.

Басқа семит тілдерінен айырмашылығы

өңдеу

Араб диалектілерінің бірігуі

өңдеу

Араб тілінің шарықтауы

өңдеу

Араб тілінің құлдырау кезеңі

өңдеу

Қайта қалпына келуі және қазіргі замандағы жағдайы

өңдеу

Әдеби араб тілі мен диалектілер

өңдеу
Толық мақаласы: Араб әдебиеті

Екітілділік және оның нәтижелері

өңдеу

Араб жазуы

өңдеу
Толық мақаласы: Араб жазуы

Араб каллиграфиясы

өңдеу
Толық мақаласы: Араб каллиграфиясы

Араб сандары

өңдеу
Толық мақаласы: Араб цифры

Араб тілінің айтылуы

өңдеу

Дыбыстар

өңдеу

Харакаттар (әріптердің дыбысталуы)

өңдеу
Толық мақаласы: Харакат

Дауыссыз әріптер

өңдеу

Араб тілінің ғылымдары

өңдеу

Наху (араб тілі грамматикасы)

өңдеу
Толық мақаласы: Араб тілі грамматикасы

Баләға (шешендік)

өңдеу

Уруд

өңдеу

Иштиқақ (сөз түрлендіру)

өңдеу

Сарф (араб тілі морфологиясы)

Иғраб (грамматикалық талдау)

өңдеу
Толық мақаласы: Иғраб

Араб тілін оқыту

өңдеу

Араб тілі диалектілері

өңдеу

Араб жазуын қоданатын елдер

өңдеу

Араб тілінің басқа тілдерге әсері

өңдеу

Араб тілі Қазақстанда

өңдеу

Араб тілі Қазақстан аумағына 7-9 ғасырлардан бастап, негізінен, діни әдебиеттер, діндарлар, мешіт-медреселер ықпалымен кең тарады.[2] Қазан төңкерісіне дейін (1917) Қазақстанда араб тілін еркін меңгерген сауатты адамдар көп болған. Кеңес өкіметі дәуірінде бұл дәстүр әлсіреді. Тек XX ғасыр соңғы ширегінде Қазақстанда араб тілін оқып үйренуге арналған бірқатар оқулықтар, анықтамалықтар, арабша-қазақша сөздіктер жарық көре бастады.

Дереккөздер

өңдеу
  1. Johnsons Dictionary Online
  2. Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3

Тағы қараңыз

өңдеу