Location via proxy:   [ UP ]  
[Report a bug]   [Manage cookies]                

Жалпы ішкі өнім

(ЖІӨ бетінен бағытталды)

Жалпы Ішкі Өнім, ЖІӨ (ағылш. gross domestic product) — мемлекет территориясындағы барлық өндірушілердің белгілі бір кезең ішінде өндірген түпкі тауарлары мен көрсеткен қызметтерінің нарықтық құнын білдіретін жиынтық көрсеткіш. Бұл атауды ең алғаш Саймон Кузнец ұсынды.

Жан басына шаққандағы атаулы ЖІӨ;АҚШ долларымен ( 2008 жылғы жағдай бойынша)
Сатып алу қабілетінің паритеті бойынша 2008 жылы қайта есептелген атаулы ЖІӨ * Ең жоғарысы: Люксембург — 58 600 АҚШ доллары * Ең төмені: Шығыс Тимор — 400 АҚШ доллары * Әлем бойынша орташа көрсеткіш: 8800 АҚШ доллары

Жалпы Ішкі Өнім - қорытынды макроэкономикалық көрсеткіштердің бірі, бір жылда елдің ішінде осы елге, сондай-ақ өзге де елдерге тиесілі өндіріс факторларын пайдалана отырып жасалынған түпкілікті өнімнің рыноктық бағалармен белгіленген жиынтықты құнын білдіреді.[1]

  • атаулы' (ағылш. nominal GDP) — берілген жылдағы ағымдағы бағалар арқылы көрсетіледі.
  • нақты (ағылш. real GDP) (инфляцияға түзетілген) — базалық жыл ретінде көрсетілген уақыттағы бағалар арқылы көрсетіледі . Нақты ЖІӨ бағаның әсерін емес, нақты өндіріс өсуінің ЖІӨ-ге әсерін көрсетеді.[2].
  • Атаулы ЖІӨ-нің нақты ЖІӨ-ге қатынасы ЖІӨ дефляторы" деп аталады.
  • Фактылы ЖІӨ— толық жұмыспен қамтылмаған кездегі ЖІӨ. Экономикада іске асырылған мүмкіндіктерді көрсетеді.
  • Әлеуетті ЖІӨ — толық жұмысбастылық кезіндегі ЖІӨ.Экономиканың бар мүмкіндікті пайдалану кезіндегі ЖІӨ-н көрсетеді.
ВВП (1993-1998 жылдары) әр түрлі елдерде

Есептеу әдістері

өңдеу

ЖІӨ 3 түрлі тәсілмен есептеледі:

Табыс бойынша

өңдеу
  • Бұл жағдайда ЖІӨ экономикалық ресурстардың меншік иелерінің табыстарының қосындысы ретінде, яғни факторлар табыстарының қосындысы түрінде анықталады.Халық, корпорациялар табыстары, жинақтаулар пайыздары, мемлекеттің іскерлік табыстары, импортқа және өндіріске салығы түріндегі табысытарының қосындысы;

Мемлекеттік тізім

өңдеу

Шығын бойынша

өңдеу
  • шығыс бойынша — барлық макроэкономикалық агенттердің шығындарының қосындысын көрсетеді. Үй шаруашылығының пайдалану шығысы, фирмалардың инвестициялық шығыстары, мемлекеттің тауарлар сатып алу шығыстары, қызметтер мен инвестициялар және таза экспорт (эспорттан импортты алып тастағандағы) қосындысы;
 , мұнда
 

Қосылған құн бойынша

өңдеу
  • Тек қана әр фирманың қосылған бағаларының қосындысы (берілген мекеме қойған қосылған баға).

ЖІӨ ұлттық экономиканың негізгі көрсеткіші болып табылады. ЖІӨ орталық банк пен үкіметтің қор индекстеріне және ақша-несиелік саясатына зор ықпал етеді.

ЖІӨ көлемі бойынша дүние жүзінде бірінші орынды АҚШ алады, ал жан басына шаққанда алғашқы орынды Люксембург алады.[3]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы — Алматы: Экономика, 2006. ISBN 9965-783-20-9
  2. и реальный ВВП(қолжетпейтін сілтеме)
  3. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3

Тағы қараңыз

өңдеу

Жалпы Ұлттық Өнім