Location via proxy:   [ UP ]  
[Report a bug]   [Manage cookies]                

Ирландия патшалығы

Ирландия патшалығы (ирл. Ríocht na hÉireann; ағылш. Kingdom of Ireland) — 1541 жылдан 1800 жылға дейін өмір сүрген және бүкіл Ирландия аралында орналасқан ирландық мемлекет. 1801 жылы 1 қаңтарда Ирландия мен Ұлыбритания бірігіп, Ұлыбритания және Ирландия Біріккен Патшалығын құрды.

Ирландия патшалығы
ирл. Ríocht na hÉireann
ағыл. Kingdom of Ireland


1541 — 1 қаңтар 1801



 

байрақ Елтаңбасы
Астанасы Дублин
Тіл(дер)і ирландша, ағылшынша
Ақша бірлігі Ирланд фунты
Аумағы 84 000 км²
Басқару формасы монархия
Патша
 - 15421547 VIII Генрих
 - 17601800 III Георг
Ирландия (феодалды иеліктер)
Ұлыбритания және Ирландия Біріккен Патшалығы

Патшалықты жариялау

өңдеу

Ирландия парламенті 1542 жылы бекіткен Ирландия Королі Актіне сәйкес, Ирландия патшалыққа айналды және бұғанға Ирландия билеушісі титулымен атанған Англия патшасы Генрих VIII, 1169 жылдан бері бірінші болып Ирландия патшасы деп жарияланды. 1171 жылы Ирландияны Генрих II басып алғаннан кейін, 1155 жылы Рим Папасы Адриан IV жариялаған папалық булла Laudabiliter-ді алған Ирландия Лордтығы өмір сүруін тоқтатылды.

Мемлекеттік басқару

өңдеу

Мемлекет басшысы ағылшын монархы болды. Атқарушы биліктің басшысы және ағылшын патшасының өкілі Лорд-Өкіл, одан кейін Лорд-Лейтенант болды. Әдетте, бұл лауазымға асыл текті ағылшындар тағайындалды, дегенмен ирландықтар бұл лауазымды бірнеше рет иеленді. XVIII ғасырда бұл лауазымның мәні төмендей бастады және атқарушы қызметті Ирландия Бас хатшысы атқарды. Ирландия патшалығының заң шығарушы органы ағылшындық үлгіге сәйкес құрылған және Лордтар палатасынан және Қауымдастық палатасынан құралған екі палаталы парламент болды. Ирландия парламентінің өкілеттіктері бірқатар заң актілерімен, негізінен, 1492 жылы Алқызыл мен Ақ раушан соғыстарының аяқталуынан кейін Лорд-Өкіл Эдуард Пойнинг ұсынған Пойнинг Актісімен шектелді.

1693 жылдан бастап католиктер, сондай-ақ протестантизм, пресвитерианизм және методизм сияқты тармақтың өкілдері парламенттің құрамына кіруге жол берілмеді және олар 1728 жылдан 1793 жылға дейін дауыс беру құқығына ие болмаған бірқатар заңдармен шектелді.

Тағы қараңыз

өңдеу

Сілтеме

өңдеу