Location via proxy:   [ UP ]  
[Report a bug]   [Manage cookies]                

Флавоноидтар (лат. flavus — сары, осы заттардың көбірек кездесетін түсі) — өсімдіктектес полифенолдардың ірі тобы.

Химиялық тұрғыдан бұларға екі фенилдік сақина мен бір гетероциклдік сақинадан тұратын қаңқада өзара байланысқан 15 көміртегі атомы бар заттар жатады.

Жіктелуі

өңдеу

Флавоноидтарды келесідей жіктеуге болады:

  • флавонның туындылары
  • флаванондар
  • изофлавоноидтар
  • неофлавоноидтар

Тарихы

өңдеу

1936 жылы венгр ғалымы Альберт Сент-Дьерди қызыл бұрыштан алынған қосылыстың қан капиллярларына жақсы әсер ететінін жорамалдап, оны P дәрумені деп атауға ұсынды. Бұл атау XX ғасырдың ортасында кең қолданылды, бірақ кейінгі жылдары осы және солтектес қосылыстардың дәрумендерге жатпайтыны анықталды да,[1] оларды флаваноидтар немесе биофлаваноидтар деп атайтын болды.

Табиғатта таралуы

өңдеу

Флавоноидтардың өсімдіктер метаболизміндегі маңызы өте зор, сондықтан олар өсімдіктердің көбінде бар. Көп жағдайда олар гүлдердің және жемістердің түсін қалыптастырады (сары, қызғылт сары, қызыл, күлгін).

Келесі тағамдарда флавоноидтар көп мөлшерде кездеседі: ақжелкен, жуа, шай, жидектер, банандар, цитрустар, қызыл шарап, қарақұмық, какао. Көбінесе бұл кверцетин, кемпферол, мирицетин, апигенин, лютеолин болады.

Дереккөздер

өңдеу
  1. Vitamins and Hormones — Academic Press, 1949.