Location via proxy:   [ UP ]  
[Report a bug]   [Manage cookies]                
Мазмұнға өту

Deep Space 1

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Deep Space 1

Ұйымы  АҚШ, НАСА
Басты мердігерлері General Dynamics
Тапсырысы жаңа технологияларды сынау
Ұшыру күн-айы 24.10.1998 ж., 12:08 UTC, Канаверал мүйісі
Сөре көлігі Delta II зымыран-тасығышы
Тапсырыс ұзақтығы 3 жыл 1 ай және 24 күн
NSSDC нөмірі 1998-061A
Массасы 373 кг (отынмен 486 кг)
Қуаты 2500 Вт

Deep Space 1 (ағылш. тұңғиық ғарыш 1) — New Millennium бағдарламасы аясында 1998 жылы ғарышқа ұшырылған НАСА миссиясы.

Оның барысында жаңа 12 технология сынға түсіп, олардың тиімділігі дәлелденді:[1]

  1. Solar Electric Propulsion — электростатикалық өріспен істейтін ионды қозғалтқыш.
  2. Solar Concentrator Arrays — жеңіл күн батареялары.
  3. Multi-functional Structure — көпфункциялы құрылым.
  4. Miniature Integrated Camera And Spectrometer — көрінетін, инфрақызыл және ультракүлгін диапазонда түсіретін құрылғы.
  5. Ion and Electron Spectrometer — иондық және электрондық спектрометр.
  6. Small Deep Space Transponder — кішігірім радиобайланыс жүйесі.
  7. Ka-Band Solid State Power Amplifier — қуат күшейткіші.
  8. Beacon Monitor тәжірибесі — аппараттың жалпы жағдайы жайында сигналдарды жіберу арқылы операциялық шығындарды азайту.
  9. Autonomous Remote Agent — ақау болғанда, өзін қалыпқа келтіре алатын бағдарламалық жасақтама.
  10. Low Power Electronics — төменқуатты электрониканы қолдану.
  11. Power Actuation and Switching Module — қуатты уақытында қосу модулі.
  12. Autonav — автономды навигация жүйесі.

Сонымен қатар аппарат екі шағын аспан денесін жақын қашықтықтан зерттеді: (9969) Брайль астероидымен жақындасуы 1999 жылы орын алса, 19P/Борелли кометасының жанынан ол 2001 жылы өтті.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Advanced Technologies. NASA/Jet Propulsion Laboratory.