Location via proxy:   [ UP ]  
[Report a bug]   [Manage cookies]                
Мазмұнға өту

Адгезия

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
A.
Адгезия

Адгезия (лат. adhaesio — жабысу) — фагоцитоз процесі кезінде қармалатын заттардың (бактериялардың, қызметін тоқтатқан жасушалардың немесе олардың бөліктерінің) ұлпалар макрофагтары (моноциттер туындылары) мен микрофагтардың (лейкоциттер) плазмолеммаларына жабысуы; плазмалық жарғақшаның химиялық құрамына қарай жасушалардың бір-біріне және түрлі субстраттарға жабысу қасиеті.

Көптеген клеткаларға адгезияны таңдай алу тән ал оларда бұндай тандау мүмкіндігінің жоғалуы немесе оның зақымдануы ісікке бейім жасушаларда метастазалар пайда болуына әкеліп соқтырады. Дененің қатты бөлігі мен оның айналасындағы сұйықтың тығыз байланысыныңәсерінен – биік ағаштардың діңгектеріндегі өткізгіш жүйенің қабырғалары арасында және сұйықтықтың түтіктерімен жылжыйтын көптеген литр судың үздіксіздігі де адгезияға қатысты.[1]

Адгезия кезінде макрофагоциттер және микрофагоциттер мөлдір жалғанаяқшаларының (псевдоподийлерінің) көмегімен қармалатын заттарды ұстап, жұтуға дайындап, өздерінің плазмолеммаларына (қабықшаларына) жабыстырады.[2]

Адгезия (Прилипание, сцепление, притяжение; adhaesio) — жабысу, жымдасу, тартылу; негізінен, бөлшектердің (атомдардың, иондардың, мөлекулалардың) өзара әрекеттесуінен болатын әр түрлі сұйық немесе қатты денелердің жанасатын беттерінің жымдасып бірігуі. Адгезия түйісетін беттердің бірлік ауданына келетін ажырау күшімен немесе жұмысымен өлшенеді. Адгезия электрондық техникада схемалардың элементтерін дәнекерлеуде, диффузиялық пісіруде, жұқа үлдірлерді желімдегенде, тұндырғанда, әр түрлі жабылғылар салғанда маңызды рөл атқарады.[3]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
  2. Стоматология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. – Алматы, Қазақстан, 1991. ISBN 5-615-00789-3
  3. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007 ISBN 9965-36-448-6