Бұздыған

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
A.
No image.

Бұздыған — басы алты не сегіз қырлы (әр қырының арасы тілімделіп ойылады) болып келетін, темірден жасалатын шоқпардың жеңіл түрі. Бұздыған Орта Азияда әскербасылық белгісі ретінде жоғарғы әскери дәрежеге ие болғандарға ту, байрақтармен бірге берілген. Мұндай шоқпарды түрік сұлтандары да қолданып, оны бұздырған деп атаған. Қарудың осы түрі түркі тілінен орыс тіліне ауысып, орыстар да осындай шоқпарды Бұздыған деп атайды. Запорожье казактары, гетмандардың билік белгілері ішінде де осындай шоқпар болған. Дәреже белгісі болғандықтан Бұздығандар алтындалып, асыл тастармен әшекейленіп, саптары металмен қапталып, сәнді етіп жасалынған. Кішкентай, жеңіл болса да, басы қырланып жасалғандықтан, бұл шоқпардың соққысы өте қатты болады. Қазақ батырлары қолданған Бұздығандардың бізге жеткен үлгісі жоқ. Дегенмен 1916 жылы көтеріліс кезінде Амангелді Иманов сарбаздары қолданған шоқпарлардың ішінде басы осындай бірнеше тілімді, жеңіл келген, бірақ қарапайым жасалған, темірден соғылған шоқпарлар кездесуі, оның қазақтарға таныс екенін және жасай білгенін көрсетеді.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

“Қазақ Энциклопедиясы”, ||-том