Жанама салықтар
Жанама салықтар, тауардың бағасына енгізіледі. Жанама салықтар салық төлеушілердің пайдасын (табысын) пайдалану үдерісімен байланысты салынады. Олардың салық төлеушінің экономика әлуетімен (табыс әкелуге қабілетімен) байланысы жанама түрде болады. 3 түрге бөлінеді: мүліктік және тауар ақша қатынастарынан туындайтын салықтар, тұтыну салығы мен кеден бажы.
- Алғашқы түрге қосымша құн салығы жатады.
- Екінші түрге акциздер, жанар жағармай сатуға салынатын салық, тағы басқалар жатады.
- Мүлік және тұтыну салықтарына, сондай-ақ мүліктік және тауар ақша қатынастарынан туындайтын салықтарға салық органдары өкім жүргізеді. Кеден бажын алуды кеден органдары реттейді.
Заң жүзінде салықтардың бұл санаты шаруашылық жүргізуші субъектілерге енгізіледі, бірақ олар технология тізбек бойынша тұтынушыларға аударады. Соның салдарынан барлық жанама салықтарды ақырғы төлеуші, ақырғы тұтынушы – жұртшылық. Сондықтан төте салықтардан өзгеше түрде жанама салықтар көбінесе тұтынушылардың мүліктік дербестігіне тікелей сай келмейтін көпшілік қолды тұтыну заттарына салынып, ауыртпалығы, әсіресе, халықтың кедей табына түседі және олардың көлемі төлемшілердің қаражатына кереғар келіп жатады.[1]
Салық төлеушінің табысымен немесе мүлкімен байланысты емес, бағаға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленетін салықтар. Қосылған күн салығы мен акциз, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметтен түсетін түсімдер (кеден баждары, экспорт пен импорт салықтары түріндегі кеден кірістері, ішкі рынокта еткізілетін тауарлар бағасындағы және олардын фактуралық құны арасындағы айырма) жанама салықтарға жатады.[2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ энциклопедиясы, 10 том
- ↑ Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |