Марш
Марш (фр. marche, marsch, итал. marcіa) — әуен-ырғағы, өлшемі жігерлі муз. шығарма (жанр).
М-тың өлшемі 2/4, 4/4 және 6/8. Әскери М., жорық М-ы, парад М-ы, жерлеу немесе қаралы М. болып бөлінеді. Сонымен қатар М. жанры опералық симф., фортепьянолық, аспаптық музыкада, балет пен театр музыкасында да кездеседі. Қазақстанда М. жанрының тууы Құрманғазының есімімен (“Перовский марш” күйі) байланысты. Қазақстан композиторлары А.В. Затаевич “Қазақ маршы” (1925), Р.Елебаев “Жолдастар” (1930), Л.Хамиди “Қызыл әскерлер жыры” (1939), М.Төлебаев“Шахтер әні” (1947), т.б. М-тық шығармалар жазды. Ш.Қалдаяқовтың “Менің Қазақстаным” әні — көпшіліктің сүйіп айтатын М-тық ән. [1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ Энциклопедиясы
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |