Құбылу (Кафка)
"Құбылу" (нем. Die Verwandlung) — әйгілі жазушы Франц Кафканың 1912 жылы жазылған новелласы. Жазушы есебінде аталған шығармамен қоса "Үкім" мен "Түзету колониясында" новеллалары негізінде "Сазай" атты жинақ жарық көруі тиіс болғанымен, баспаханамен жүргізілген келіссөз сәтсіз аяқталған соң жарияланбай қалады. Қаламгердің атақты, «шағын» шығармасы фантастикалық оқиғаларды өзіндік өрнегімен "хаттамалық" пішінде баяндайтын ерекше шедевр болып табылады. Шығарма бірнеше рет экранға шыққан.
Сюжеті
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Әңгіменің басты кейіпкері, қарапайым коммивояжер Грегор таңертең ұйқыдан оянғанда өзінің қорқынышты, үлкен жәндікке айналып кеткенін байқайды. Кафка қаламына тән метаморфозалар, оқиғалар мәні бірден ашыла қоймайды. Оқырман, сондай-ақ әңгіменің кейіпкерлері, айғақ үшін қойылған — құбылуды тамашалайды. Кейіпкер өз ақылын жоғалтпаған әрі айналасындағы болып жатқан жайларды да ұғына алады. Басында отбасы мүшелері - анасы, әкесі және әпкесі қанша өтініп, "есікті аш" деп жалынғандарымен, ебедейсіз денесіне дағдыланбағандықтан не кереуеттен тұра алмайды, не есікті аша алмайды. Ұлының жантүршігерлік құбылуын көрген отбасының зәре-құты қалмайды: әкесі оны бөлмеге тықсырып тастап, сыртқа шығармайды, тек тамақтандыруға әпкесі ғана келіп тұрады. Грегор көп уақытын бөлмеде рухани әрі тәни (әкесі ұрып-соғып, ол денесін есікке жарақаттап алады) ауыр азапта өткізеді. Бұрындары отбасының негізгі асыраушысы өзі болып, енді туыстары керек етпеуге айналғанда, басты кейіпкер бұған да өзін кінәлі сезінеді. Алғашында әпкесі бауырына аяушылық пен түсіністік танытқанымен, күн көру қамы қиындап, үйге амалсыздан бейбастақ әрі мазасыз пәтер жалдаушыларды тұрғызуға мәжбүр болғанда жиіркенішті жәндікке деген өзінің соңғы аяушылық сезімін жоғалтады. Көп ұзамай жұлыншағына шірік алма кептеліп қалған Грегор көз жұмады. Шығарма Грегорды оңай ұмытқан отбасының мәз-мейрам, көңілді серуенімен аяқталады.
Талдау
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Автор өтіп жатқан оқиғаларға өз қатынасын немесе көзқарасын білдірмейді, керiсiнше болған жайларды ғана суреттейдi. Бұл өзінің тумысынан мағынасы жоқ "бос таңба", бірақ Кафка туындыларының басым көпшілігіне тән. Әңгімеде жалғыз, тастанды қалған, өзін жалған тұлғалар мен мағынасыз тағдырлар алдында кінәлі сезінген жанның трагедиясы жасырынған. Келісімсіз, түсініксіз және орасан зор қақтығыстарға ұшыраған "кішкентай" адамның драмасы "Құлып" пен "Процессте" де соншалықты әсерлі сипатталған. Реалисттік мол ұсақ детальдарды гротескіге айналдыра отырып, Кафка қиял-ғажайып суреттерді толықтыра түсуге шебер пайдаланады.
Экранизациялануы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- "Құбылу" әңгімесінің идеялық желісімен бірнеше рет кино түсірілді:
- ["Таңғаларлықтай кішірейген адам" (1950 ж)
- "Құбылу" (Валерия Фокина, 2002, басты рөлде - Евгений Миронов )
- "Самса мырзаның құбылуы" («The Metamorphosis of Mr. Samsa» Кэролин Лиф, 1977)
- "Құбылу" (2008)» («Chrysalis»Тони Баез Милан, 2008)
Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Мәтін (нем.)
- Аударма С. Апта
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Kafka Die Verwandlung |