Ұлттық парк

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
A.
Ұлттық парк

Ұлттық парк — ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қорының бiрегей табиғи кешендерi мен объектiлерiнiң биологиялық және ландшафтық саналуандығын сақтауға, оларды табиғат қорғау, экологиялық-ағартушылық, ғылыми, туристiк және рекреациялық мақсаттарда пайдалануға арналған табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.

Ұлттық табиғи парктердің қорықтардан айырмашылығы - туристер мен тынығушылардың кіріп көруіне рұқсат етіледі. Бірақ олардан табиғатты қорғау ретін сақтау талап етіледі.

Қазақстанда 5 ұлттық парк ұйымдастырылған.

  1. Еліміздегі алғашқы ұлттық парк - Баянауыл ұлттық табиғи паркі. Ол 1985 жылы Павлодар облысындағы Баянауыл орман шаруашылығының негізінде құрылған, ауданы 50,7 мың га. Парк аумағына енетін таулы-орманды ландшафтылары тамаша табиғат ерекшеліктерімен көзге түседі. Қарағай, қайың ормандары өскен, гранитті, үгіліп мүжілген Баянауыл таулары Сарыарқаның шөлейтті жазықтарында орналасқан. Мұнда құстардың 54 түрі, сүтқоректілердің 54, балықтың 8, өсімдіктің 438 түрі бар. Биік жері- Ақбет тауы, биіктігі 1026 м. Табиғатының қолайлы жағдайына байланысты Баянауыл тауларын «шөлді даладағы таулы-орманды шұрат» деп атайды. Бұл аймақ жаппай демалыс пен туризмнің дамыған жері. Мұнда көптеген демалыс үйлері, емдеу мекемелері, туристік базарлар орналасқан. Паркте ұзақ уақыт үгілу әрекетінен қайталанбас жартас, шоқылар қалыптасқан. Олар сыртқы түріне орай « Жалауыз кемпір», «Найзатас», «Тас және Ат басы», т.б деп аталады.
  1. Іле Алатауы ұлтық парк 1996 жылы ұйымдастырылған. Ауданы 181,6 мың га. Іле Алатауының солтүстік беткейінде Түрген шатқалынан бастап, батыста Қаскелең асуына дейінгі ерекше Ландшафтыларды қорғау және деалыс, тынығу мақсатынла пайдаланылады. Мұнда қорғауға аңның 43 түрі, құстың 138 түрі, балықтың 8 түрі, өсімдіктің 1282 түрі алынды.
  1. Қарқаралы ұлттық паркі 1998 жылы құрылған. Ауданы 90,3 мың га. Қарағанды облысындағы Қарқаралы ауданында орналасқан. Қарқаралы және Кент тау жүйелерін қамтиды. Осында әйгілі Шайтанкөл орналасқан. Мұнда аңның 39 түрі, құстың 55 түрі, балықтың 11 түрі, өсімдіктің 68 түрі қорғалады.
  1. Алтынемел табиғи ұлттық паркі 1996 жылы Алматы облысының Кербұлақ, Панфилов аудандары жерінде орналасқан. Ауданы 212,1 мың га. Алтынемел тауын қамтиды. Мұнда аңның 6 түрі (таутеке, қарақұйрық, құлан, қызыл қасқыр және т.б.) сонымен бірге құстың 231 түрі, балықтың 22 түрі, өсімдіктің 800 түрі қорғауға алынған.
  1. Көкшетау паркі 1996 жылы ұйымдастырылған. Ауданы 135,8 мың га. Мұнда аңның 305 түрі, құстың 223, балықтың 22 түрі, өсімдіктің 800 түрі қорғауға алынған.


Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: National parks