Жекпе-жек
Жекпе-жек
- Жеке батырлар шайқасы. Ежелгі және орта ғасырларда ұрыс алдында қарсыластар шеп құрып тұрып, екі жақтан ортаға бір-бірден батыр шығарған. Шарт бойынша олар аты-жөндерін сұрасып, қалай соғысу тәсіліне (атыспақ, алысбақ, жұлысбақ, қылыштасу, найзаласу, т.б.) алдын ала келісіп алған және кімнің батыры жеңілсе, соның әскері тізе бүгетін болған. Жекпе-жек шайқастары қазақ халқының қаhармандық эпостарында (“Қобыланды”, “Алпамыс”, “Ер Тарғын”, т.б.) зор шабытпен жырланған;
- адамның күшін, шеберлігін, әдіс-айласын сынайтын бәсеке. Ежелгі гректердің олимпия ойындарының бағдарламасында (күресу, жұдырықтасу), басқа да халықтардың ұлттық ойындарында кездеседі.Жекпе-жек қазіргі спорт жарыстарында (күрестің барлық түрі, бокс) межелі салмақ категориясы бойынша (фехтованиеден басқасы) өткізіледі.
- Жекпе-жек, полиция, қауіпсіздік, кеден комитеттері арасында кең тараған әскери жекпе-жектің түрі. Ол қарусыз және қарумен ж.-жек өткізу түрлері болып бөлінеді. XX ғасырдың 80-ші жылдары Шығыс ж.-жектерімен жастардың жаппай айналысуы байқалды, бұл қарулы күштерге де құқық қорғау органдары қызметкерлеріне ықпал жасамай қалған жоқ. Респ-лық "Д" ерікті спорт қоғамының мамандары қазақ, самбо, дзюдо күрестері, каратэ, бокс сияқты жекпе-жек түрлерінің әдіс-айлаларын саралап ойлап тапқан спорт түрін "жекпе-жек" деп атады. Бұрын да бір рет солай болған еді. XX ғасырдың 30-шы жылдарында күрестің білікті мамандары В.Ощепков, А.Харлампиев, Е. Чумаков және т.б. кең- байтақ КСРО халықтарының ұлттық күрес түрлерінен самбоны (қарусыз қорғану) ойлап шығарған еді. Ақыры 1938 жылы КСРО-ның дене тәрбиесі және спорт комитеті самбо күресін жаңа спорт түрі деп жариялады. 1984 ж. жекпе-жек ҰҚК-ті (Ұлттық қауіпсіздік комитеті) милиция басқармасы қызметкерлерінің арасында сынақтан өтіп жақсы баға алды. 1997 ж. Р. Абдалимов және жаттықтырушылардың бір тобы жекпе-жектің ережесін жасап шығарды. Сол 1997 ж. Респ. жекпе-жек бірлестігі құрылды, оның тұңғыш төрағасы болып Ішкі істер кызметінің генерал-майоры Б.Сәрсеков сайланды. Жыл сайын МВД және МҚК (мемлекеттік қауіпсіздік комитеті) қызметкерлері арасында ч-ттар өтіп тұрады.[1]
- ↑ Қазақ энциклопедиясы,3 том