Программа жобасының тілі
Программа жобасының тілі (Язык проекта программы; programme design language) — арнайы құрылмалары бар және, кей жағдайда, программа жобасын әзірлеу, анализ жасау және құжаттамау үшін пайдаланылатын верификациялық хаттамалары бар спецификация тілі. Аппараттық жасақтама жобасының тілі (hardware design language); к. Псевдокод (pseudo code).
Псевдокод - ресми емес, жалпы компьютер жұмысын сипаттаудың жоғары деңгейлі жолы. Ол кәдімгі компьютерлік тілдің негізгі шарттары мен құрылымын сақтап, адамға оқуға оңай етіп жазылған. Псевдокод әдетте қарапайым адам үшін қажетсіз символдар мен терминдерді және компьютер үшін қажет ақпаратты алып тастайды. Псевдокодты қолданудың басты мақсаты - жай оқырмандардың жүйелік кодтарын оқуын оңайлату. Ол көбінесе арнайы ақпараттама кітаптарында, компьютер жүйесін жоспарлауда және дайын кодтың жазылуының алдында қолданылады. Псевдокод - команда әрекетінің, яғни алгоритм қадамының нақты программалау тілі операторларың қолданбай жәй тілмен сипатталуы.
Колданылуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Кітаптардың псевдокодты қолдану себебі - программисттердің бір тілді білмесе де, еш қиындықсыз кодтың не туралы және қандай мақсатпен жазылғанын түсінуді қамтамасыз ету. Псевдокодты жазатын программист ең алдымен бұл кодтың не туралы екенін жазбаша түрде оқырманға түсіндіруі қажет. Сонымен қатар, блок - схемалар псевдокодтың тағы бір альтернативасы, бірақ оның белгілі бір шарттары мен міндеттері бар.
Жазылуы мен синтаксис
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жалпы айтқанда, псевдокодтың арнайы синтаксисі мен жазылу ережелері жоқ. Әр программист өз ережелерін қойып, өз кодын ерекше етіп жазады. Айнымалылар әдетте жазылмайды. Түрлі циклдар мен код блоктары қарапайым сөйлемдермен ауыстырылып жазылады.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А. Қ. Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |