Location via proxy:   [ UP ]  
[Report a bug]   [Manage cookies]                
Мазмұнға өту

Тілтістер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Тілтістер
Қазбалық ауқымы: Late Devonian–Holocene [1]
A European river lamprey (Lampetra fluviatilis)
A European river lamprey (Lampetra fluviatilis)
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Chordata
Кіші жамағаты: Омыртқалылар
Ұлы табы: Жақсүйексіздер
Табы: Дөңгелекауыздылар
Сабы: Тілтістер
Тұқымдастар

† = extinct

Тілтістер немесе Миногалар, сонымен қатар Миногатәрізділер (лат. Petromyzontiformes) — Жақсүйексіздердің дөңгелекауыздылар класының отряды.

Балыққа жабысқан миногалар

Пішіні миксиналарға ұқсас. Солтүстік және оңтүстік жарты шардың қоңыржай аймақтарындағы теңіздер мен тұщы суларда кездеседі. Бұлардың 7 туысқа жататын 30-дан астам түрлері белгілі. Қазақстанда 2 туысқа бірігетін 3 түрі бар. Каспий миногасы, Тынық мұхит миногасы және Сібір миногасы.

Миногаларлардың ұзындығы 15 – 100 см-дей. Жұп жүзбе қанаттары болмайды. Арқа қанаты – біреу (кейде 2). Аузы түтік тәрізді, оның жиегі тері шашақпен көмкерілген. Тілінде мүйізденген “тісшелері” болады. Басының екі бүйірінде желбезек қапшығына ашылатын 7 жұп саңылауы бар. Жалғыз танау тесігі басының үстінде орналасқан. Көздері жақсы жетілген, танау тесігінің артқы жағында – жетілмеген 3-көзі болады. Басқа омыртқалылардан ерекшелігі – бауыры ішекпен тек дернәсіл кезінде жалғасады. Түрленуден кейін бұл байланыс үзіледі де, ішкі секреция қызметін ғана атқарады. 'Миногалар түрлену арқылы дамиды. Жалғыз жыныс безі болады. Уылдырығын (0,8 – 200 мыңға дейін) өзеннің ағысы қатты жерлеріне ін қазып соған салады. Уылдырығын шашқаннан кейін ересектері тіршілігін жояды. Миногалардың дернәсілдері құмқазғыш деп аталады. Олар өзенде 3 – 4 жылдай болады, әрі ересектеріне мүлдем ұқсамайды, сондықтан оларды 19 ғасырдың ортасына дейін жеке туыс деп қарастырып келді. 'Миногалар 5 – 6 жылдай тіршілік етеді. Ересек Миногалар – балықтардың паразиті, араларында жыртқыш түрлері де бар. Бұлар балық шауашығына үлкен зиян келтіреді. Миногалардың еті дәмді және майлы болады, сондықтан кәсіптік нысан ретінде ауланады.[2]

Май құйғыш (воронка) тәрізді ауызының айналасы терімен көмкерілген. Көздері жақсы жетілген. Қан айналым жұйесі жабық. Жүрегі екі камерлі. әлемнің қоңыржай климаттық бөлігіндегі теңіздер мен тұщы су қоймаларында 20 түрі кездеседі. Тұщы су және өрістегіш түрлер. Уылдырықтарын шұңқырға салады да, өледі. Өсімталдыгы 0,8 мыңнан 200 мыңға дейінгі уылдырық. Личинкалары өзенде, құм қабатында 3-4 жыл өмір сүреді. Жалпы тіршілік ұзақтығы 5-6 жыл. Көпшілік тілтіс түрлері эктопаразиттер. Әрі балыктарға жабылып, олардың қалың сорып, етін жеп кореістенеді. Тілтістер еті жеуге жарамды. ТМД-да 8 түрі бар, оның ішінде теңіз тілтісі және өзен тілтісі, Балтық тенізінің бассейнінде, Каспий теңізінін бассейніндегі тілтістер, Каспий теңізі бассейнінде таралған.[3]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Үлгі:FishBase order
  2. Қазақ энциклопедиясы, 6 том
  3. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3