Location via proxy:   [ UP ]  
[Report a bug]   [Manage cookies]                
Мазмұнға өту

Автоматтандыру

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Автоматтандыру — техникалық құрал-жабдықтарды, сондай-ақ энергияны, материалды және ақпаратты алу, түрлендіру, жеткізу (тасымалдау), пайдалану процестеріне адамның тікелей не ішінара қатысуын босататын экономикалық-материалдық тәсілдермен басқару жүйесін пайдалану. Онда:

  1. технологиялық, энергетикалық, көліктік, өндірістік процестер;
  2. күрделі агрегаттарды, кемелерді, өндірістік құрылыстармен кешендерді жобалау;
  3. цехты, мекемені, сондай-ақ әскери құрамалар мен бөлімшелерді ұйымдастыру, жоспарлау және басқару;
  4. ғылыми зерттеулер, медициналық және техникалық диагностикалау, статистика деректерін өңдеу және есепке алу, бағдарламалау, инженерлік есептеу т.б. автоматтандырылады.

Автоматтандырудың мақсаты — еңбек өнімділігі мен өнім сапасын арттыру, жоспарлау, басқару жұмыстарын тиімділендіру, денсаулыққа зиянды жұмыстан адамды босату. Автоматтандыру ғылыми-техникалық прогрестің басты бір бағыты саналады.[1]

Ең алғашқы кері байланысты басқару механизмі грек инженері Ктесибий (285-222 жж. б.з.д.) ойлап тапқан су сағаттары болды. 1620 жылы голландтық ғалым Корнелия Дреббел (1572-1633 жж) термостатты ойлап тапты. (Ескерту: Одан бұрынғы термостаттар тұрмыстық техникаларда кең таралған емес, температура реттегіштері немесе контроллерлері ғана болды.) Жел диірмендерінің шатырларында басқа басқару тетігі қолданылған. Оны 1745 жылы Эдмунд Ли патенттеген патенттеп алған. Сондай-ақ 1745 жылы Жак де Вокансон(1709-1782 жж) алғашқы автоматтандырылған тігін машинасын жасап шығарды. Ең алғашқы толықтай автоматтандырылған диірменді 1785 жылы Оливер Эванс(1755-1819) ойлап тапты.

Сондай-ақ қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Do I need smart home wiring?. luminsmart.com (ағыл.)