Александр Иванович Опарин

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Александр Иванович Опарин (2 наурыз 1894 жыл, Ресей, Ярославль губерниясы Углич қаласы – 21 сәуір 1980 жыл, Мәскеу) – биохимик-ғалым, КСРО ғылым академиясының академигі (1946). Мәскеу университетін бітірген (1917). Негізгі ғылым еңбектері өсімдік шикізатын өңдеудің биохимиялық негізін, өсімдік құрамындағы ферменттердің әсерін және Жердегі тіршіліктің пайда болуын зерттеуге арналған. Опарин биокатализ – азық-түлік өндірісі технологиясының негізі екенін дәлелдеді. Ол Жердегі тіршіліктің пайда болуы – көміртектік қосылыстар эволюциясының қорытындысы деп тұжырымдады; оны ғарыштық тұрғыдан зерттеумен шұғылданды. Опарин – тіршіліктің пайда болуын зерттеудің Халықараралық ұйымының президенті (1970 жылдан өмірінің соңына дейін) болды. Лениндік сыйлық лауреаты (1974).[1]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы, 7 том