Аньян
Аньян – Қытай Халық Республикасының Хэнань провинциясындағы қалалық аймақ.[1]
Жер аумағы – 7.413 км². Халық саны – 5,25 млн адам (2002). Қала аумағынан Шан әулеті кезіндегі көптеген бұйымдар табылған. Инь патшалығының астанасы осы жерде болған деген болжам да бар. Ежелгі қала аумағы ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралары тізіміне енген.
Қалада Қытай иероглифтері музейі қызмет жасайды. Қалалық аймақ 4 ауданға (Бэйгуань, Вэньфэн, Иньду және Луньань аудандары), 1 қалалық уезге (Линьчжоу қалалық уезі), 4 уезге (Аньян, Нэйхуан, Таньинь және Хуасянь уездері) бөлінеді.
1920 жылы жүргізілген қазба жұмыстары нәтижесінде қаланың ескі орны мен ескі қорымдар табылған.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|