Арынғазы Әбутәліпұлы Егеубаев

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Арынғазы Әбутәліпұлы Егеубаев (7 мамыр 1941 жылы туған, Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Тұңғыш ауылы) – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы (1995), профессор (1997), Қазақ КСР-і Халық ағарту ісінің еңбек сіңірген қызметкері, Қазақстан Республикасы Жаратылыстану ғылыми академиясының академигі (1995)

Тарақты руынан шыққан. [1]

Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын (1968) және аспирантурасын (1974) бітірген. Еңбек жолын веттехник (1961–63) болумен бастаған Егеубаев институтта комсомол комитетітінің хатшысы, ассистент, аға оқытушы, доцент (1975–86), кафедра меңгерушісі, декан, проректор (1986–96) қызметтерін атқарды. 1996 жылдан Қазақ ұлттық аграрлық университетінде кафедра меңгерушісі, Жоғары фермерлер мектебінің жетекшісі. 1995 ж. «Микроминеральное питание жвачных животных в никеловой биогеохимической провинции Республики Казахстан» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Егеубаев 80-нен астам ғылыми-зерттеу еңбектің авторы.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Яһуда Амандықов = Орта жүздің Ноқта ағасы Тарақты шежіресі — Алматы: Комплекс, 2009. — 1120 б. — 2000 таралым. — ISBN 965-611-88-2.
  2. Қазақ Энциклопедиясы