Location via proxy:   [ UP ]  
[Report a bug]   [Manage cookies]                
Мазмұнға өту

Асбест

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Асбест

Асбест [1](гр. ἄσβεστος)силикаттар класының серпентиндер мен амфиболдар топтарындағы аса жіңішке талшықты минерал. Асбест грекше asbestos – сөнбес, бұзылмас дегенді білдіреді. Химиялық құрамы жөнінен магний мен темірдің, ішінара натрийдің сулы силикаты болып табылады. Серпентин тобындағы хризотил абсеттің химиялық формуласы: Mg6[Sі4O10] [OH]8. Ол монклиндік сингонияда кристалданады, кесектерінің түсі жасыл, сұрғылт сары келеді, ажыратылған талшықтары – ақшыл, боз, жібектей жылтыр. Қаттылығы 2 – 2,5, тығыздығы 2,4 – 2,6 г/см3, талшықтары иілгіш, майысқыш, балқу температурасы 1500ӘС-қа жуық, жылу мен электр тогын нашар өткізеді. Талшықтарының ұзындығы 50 мм-ге, кейде 250 мм-ге жетеді. 14 минералды қамтитын амфибол асбесттің қышқылға төзімділігі мен жылуға беріктігі аса жоғары. Олардың ішіндегі ең маңыздылары әрі көбірек пайдаланылатындары – крокидолит, антофиллит, амозит, родусит. Хризотил-асбест гидротермалдық ерітінділердің әсерінен серпентинденген, магнитке бай ультранегізді жыныстарда, доломиттенген әктастарда, ал амфиболасбест шөгінді және метаморфтанған магмалық жыныстарда кездеседі. Хризотил-асбесттен отқа, ыстыққа төзімді тоқыма бұйымдары, құрылыс материалдары, қағаз, резина, пластмасса, электр техникасы, асбестцемент бұйымдарына толтырма дайындайды. Амфибол асбестті жылу мен отқа, жебір ортаға (қышқыл, сілті, теңіз суы) төзімді бұйымдар жасауға қолданады. Қазақстандағы Жітіқара хризотил-асбест, Бөгетсай антофиллит-асбест, Қумола родусит-асбест кендерінің өндірістік маңызы зор.Асбестке жіңішке берік талшыңтарға оңай тарқатылатын силикаттар жатады. Олар екі топқа бөлінеді: хризотил-асбест (серпентин) пен амфибол-асбест . Өнеркәсіпте ең көп пайдаланатыны хризотил-асбест (Mg,Fe)6[Si4O10](OH)8. Оның құрылымы айқын талшықты және талшықтары үзілуге өте берік. Хризотил-асбесттің жылутөзімділігі 700°С-қа жетеді. Минерал сілтітөзімді, бірақ қышқылда оңай ыдырайды.[2][3]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Химия. Н.Нұрахметов, А.Ниязбаева, Р.Рысқалиева, Н.Далабаева. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 336 бет. ISBN 9965-36-416-8
  2. Қазақ энциклопедиясы I том
  3. Пайдалы қазбалар. Оқулық. - Астана: Фолиант, 2008. - 440 б. ISBN 9965-35-411-1