Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Аралдық территориялар (ағылш.Insular areas) — елдің қандай да бір штатының немесе Колумбия округының құрамына кірмейтін АҚШ-тың территориялық иеліктері. Аралдық территория деп протекторат, достастық, еркін ассоциацияланған мемлекет, тәуелді территория және т.б. аталуы мүмкін.
АҚШ-тың бірқатар аралдық территорияларының тұрғындары федералды салық төлемегенмен және президент сайлауына қатыса алмағанмен, АҚШ азаматтары саналады. Аралдық территорияларда өндірілген тауарлар Made in USA белгісіне ие болуы мүмкін.