Бариатрия
Хирургия салалары
|
---|
· Пластикалық хирургия · ·Күйік хирургиясы · · Нейрохирургия · ·Оториноларингология · ·Офтальмология · ·Лазерлі хирургия · ·Ірінді хирургия · · Кардиохирургия · · Абдоминалдық хирургия · · Микрохирургия · Әскери-далалық хирургия · · Торакалды хирургия · · Урология · · Андрология) · ·Ортопедия · · Эндокриндік хирургия · ·Комбустиология · ·Неврология · ·Ангиология · ·Бас сүйегі хирургиясы · ·Бариатрия |
Бариатриялық хирургия немесе Бариатрия (көне грекше βάρος — салмақ, ауырлық және ἰατρεία — емделу) — семіздікті емдейтін хирургияның саласы. Қазіргі таңда арықтау үшін қолданылатын түрлі әдістер (мысалы, диета және медикаментті емдеу түрлері) бариатриялық хирургияға жатпайды.
Бариатриалық операцияларға нұсқау
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Семіздікті операциямен емдеу - халықаралық бариатриялық хирургтар мен эндокринологтардың нұсқаулығы бойынша өткізіледі.
Операцияларға қарсы нұсқаулар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Операцияларға қарсы нұсқаулар:
- дене массасының индексі 30-ға тең
- аяғы ауырлық жəне лактация кезі
- анамнездің психикалық ауру кезі
- қаралғаннан 6 айға дейінгі ЖИА (жүректің ишемиялық ауруы) асқынған түрі
Операцияның түрлері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бариатриялық операцияның түрлері:
- Асқазанға құрсауды (бандаж) кигізу;
- Асқазанды тұйықтау;
- Өт-ұйқы бездерін тұйықтау;
- Гастропластиканың (асқазан операциясы) түрлері;
- Асқазаніші баллоны;
Артық салмақтан арылтатын бариатрия хирургиясын үш топқа бөлеміз:
- Асқазан-ішек жолының жоғарғы жағын тарылтып, жейтін тамақтың мөлшерін азайтатын шектеу операциясы (асқазанға құрсауды (бандаж) кигізу, асқазаніші баллоны).
- Асқазан-ішек жолында ағзалық заттардың сорылуын төмендететін малабсорбты операциялар (өт-ұйқы бездерін тұйықтау).
- Екі нұсқауды да қолданатын қиыстыру операциялары (асқазанды тұйықтау).
Липосакция (артық майлардың алынуы) және абдоминопластика (артық терілердің алынуы) бариатрия саласына жатпайды және салмақты түсіру мақсатында қолданбайды!
Қазіргі таңда көп таралған және көп жасалып, салмақтың түсірудің жақсы әдісі болып табылатын – асқазанға құрсауды (бандаж) кигізу, гастропластика, асқазанды тұйықтау.
Стандартты бариатриялық операцияның түрлері:
- Асқазанға құрсауды кигізу (gastric banding). Бандаждау кезде асқазанның жоғарғы бөлігіне сақина салынады (ережеге сәйкес, силиконды). Асқазанды бандаждау – науқас үшін ең қауіпсіз әрі жарақатсыз бариатриялық операция болып табылады. Осыған орай, операциядан кеінгі уақытта ұйымдастырушылығы ең қиын болып саналады. Бандаждау ағазадағы 50-60% артық салмақтан арылуға мүмкіндік береді.
- Жеңді гастропластика (sleeve gastrectomy). Жеңді гастропластика кезінде асқазанның көп жері алынып, ені 1 см-ге жететін жіңішке жең қалып қояды. Осындау асқазан өте аз тамақ кіре алады және еркін өтуге мұрша бермейді.
- Асқазанды тұйықтау (gastric bypass). Асқазанды тұйықтау кезінде асқазан титанды қысқыштармен тігіліп, екі жаққа бөлінеді: кішкентай жақ (көлемі 50 мл), үлкен жақ (қалған асқазан). Кішкентай асқазанға жіңішке ішек тігіледі. Солай адам операциядан кейін өте аз тамақ жейді, сонымен қатар, тамақ кішкентай асқазан жақпен өтетіндіктен ағзалық заттар сіңіріліп үлгермейді. Бұл операция 80% артық салмақтан арылуға мүмкіндік береді.
- Өт-ұйқы бездерін тұйықтау (biliopancreatic bypass). Өт-ұйқыбездерін тұйықтау кезінде де асқазан титанды қысқыштармен тігіліп, екі жаққа бөлінеді де, кішкентай ішек жақпен тігіледі. Асқазанды тұйықтаудан айырмашылығы кішкентай асқазанның көлемі 50 мл емес, 200 мл. Бірақ ең бастысы, ішек ең кішкентай жолмен тігілетіндіктен, майларды соруға ішектің тек 50 см қалады. Сондықтан, бұл операцияның басты ерекшелігі – ағзалық заттардың өте аз мөлшерде сіңірілуі болып табылады. Бұл операция 90% артық салмақтан арылуға мүмкіндік береді.