Location via proxy:   [ UP ]  
[Report a bug]   [Manage cookies]                
Мазмұнға өту

Бау (жер)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Жеміс ағашын отырғызатын шұңқыр және отырғызу.

Бау (жер телімі)[1] - жеміс-жидектің әртүрлі сұрыптарын егуге жарамды, дақылдардың тамырын тереңге жаяуын, жер қыртысының, температурасының, ылғалдылығының оларға әсерін ескере отырып, бөлінетін жер.

Бауда өсірілетін жеміс-жидектің негізгі түрлері мен сипаты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Жемістерінің құрылым ерекшеліктеріне қарай жеміс-жидектер бірнеше түрге бөлінеді:
    • ұрықты - тамыры тереңге (3-4 м) кетеді, бірақ негізгі бөлігі 20-80 см шамасында орналасады;
    • сүйекті - тамыры 2-3 м тереңдікте, ал негізгі бөлігі 15-40 см шамасында болады;
    • жидекті - тамыры одан да жоғары (15-20) орналасады;
    • жаңғақ жемісті - тамыры кең жайылып өседі.
  • Субтропикалық аймақтарда цитрус, зәйтүн, анар, құрма, інжір өсіріледі.

Тамырының тереңге орналасуы жеміс-жидектің түріне, жер-қыртысына, жерасты суының деңгейіне, қолданылатын агротехникаға байланысты.

  • Сұрыптық ерекшеліктерін сақтау мақсатында жеміс-жидектерді екі жолмен көбейтеді:
    • бұталарды, шыбықтарды, сабақтың кесінділерін тікелей отырғызу;
    • екі түрлі жемістің ұрығын бір-біріне егу жолымен.

Жеміс-жидектердің көпшілік сұрыптары қос ұрықты (бір өсімдікте аталық және аналық ұрық қатар жүреді) дақыл болып келеді. Тек шырғанақ пен құлпынай ғана қос ұялыларға жатады.

Тұқымы мен сұрпына қарай іріктеу

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Бауда егу үшін жеміс-жидектің тұқымы мен сұрпын іріктеу, егу барысындағы негізгі факторлар:
  • Бауда өсірілетін дақылдардың суыққа ең төзімділері:
  • Ылғалды сүйетіндер: қара өрік, бүлдірген, қой бүлдірген, қарақат, шырғанақ.
  • Жерасты сулар алма мен алмұрт егілген жерде 2-3 метр, шие мен қара өрік егілген жерде 1,5-2 метр тереңдіктен жақын болмауы тиіс.
  • Бауда өсірілетін дақылдардың барлығы да жарықты жақсы көретіндіктен учаскеге ағаш, бұталарды көп екпеген дұрыс, олардың көлеңкесі өнімнің көлеміне де, сапасынада әсер етеді.
  • Ағаш, бұта және көкөніс дақылдарын кезектестіріп егуге де болмайды, мұндай жағдай өсімдіктің зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес жүргізіге мүмкіндік бермейді.
  • Бауда дақылдарды тұқмына қарай топтап орналастыру керек: әр кезде пісетін - ерте, пісетінінен кеш пісетініне дейін - сұрыптарын іріктеп еккен пайдалы.
  • Орта белдеудегі үй іргесіндегі бауларда жеміс-жидек дақылдарын әр шаршы метрге отырғызу жилігі:
  • Алма сұрыптарын іріктегенде оның негізгі бөлігінің, қыстық, сонан соң күздік және жаздық болғаны жөн. Басқа жеміс-жидектерді де әр аймақ өз ыңғайына қарай іріктеп егеді.

Жеміс-жидекті отырғызуға жер бөлімін әзірлеу

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жеміс-жидекті отырғызуға жер бөлімін әзірлегенде жұмысты, ең алдымен, тұрғын үйінің, шаруашылық құрылыстардың, жеміс бауының, жидектер мен бақшаның қай жерге, қалай орналасатынын жоспарлаудан бастау керек.

  • Көлемі 0,08 га жер бөілімінде аумақты шамамен бөлу:
    • құрылыстарға - 9-11%;
    • бақ пен бақшаға 73-77%;
    • шаруашылық ауласына, жолдар мен алаңдарға, сәндік көгалдарға - 14-16%.
  • Жерді әзірлеу барысы:
  • Бау дақылдарының жақсы өсіп-өнуі жер қыртысының қышқылдығына байланысты болады.Неғұрлым қолайлы жер - қышқылы аз жер. Қышқылды қыртысты әктеу керек. Қышқылдық дәрежесіне қарай 1 шаршы метр жерге 300-600 г әк енгізеді: 5-6 жылдан кейін қайтадан әктейді.

Егуге арналған екі жылдық жеміс көшетінің кемінде 3 бұтағы болуы керек.

  • Негізгі талаптары:
    • тамырының ұзындығы - 35-40 см;
    • жақсы өскен екпе алма ағашының дінінің биіктігі - 50-60 см, жуандығы - 2,0-2,5 см, бұтақтарының ұзындығы- 50-60 см, әлжуаз өскен алма ағашында тиісінше - 30-40; 1,5-2,0; 40-50 см;
    • шие мен қара өріктің биіктігі - 40-60 см, жуандығы - 2,0-2,5 см, негізгі бұтақтарының ұзындығы -40-50 см болуы керек.

Екпе көшеттерді көму және отырғызу

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Көшеттерді күзде немес көктемде алу қажет. Егер екпе көшеттер күзде алынып, көктемде отырғызу көзделсе, оларды қыс бойы тереңдігі 50-60 см және ені 40-50 см шұңқырға, оңтүстікке қарай еңкейте көміп тастайды. Сонан соң тамырын дымқыл топырақпен 0,5 м жауып, жақсылап су себеді де, топырақ тастап, арасында қуыс қалмауы үшін нығыздайды.
  • Алма ағашы мен алмұртты күзде де (жапырақтар түскеннен кейін), сондай-ақ көктемде де (бүршіктемес бұрын) отырғызуға болады.
  • Шие мен өрікті көктемде отырғызған дұрыс.
  • Отырғызу барысы:
    • отырғызар алдында, шұңқыр қазған кезде, жоғарғы қабаттың топырағын бір жағына, төменгі қабатының топырағын екінші жағына үю керек;
    • көшеттің сынған не үзілген тамырларын өткір пышақпен бүлінбеген жеріне дейін кесіп тастайды;
    • көшетті шұңқырға тамырларының сабағынан тарамданған жері шұңқырдың түбінен 5-6 см биікте болатындай етіп орналастырады;
    • содан кейін әуелі үстіңгі қабаттан алынған топырақпен көміп, нығздайды да, үстін астыңғы қабаттан алынған топырақпен жабады;
    • топырақтың жиегін көтеріп, ортасын шұңқырлап, оған 1-2 шелек су құяды, дымқылдың тез кеуіп кетпеуі үшін шымтезек не ағаш үгіндісін себеді.
  • Жеміс ағаштарының тез көктеп өсуі үшін оларды диаметрі 2-3 м, биіктігі 50-60 см төбешікке егу керек:
    • алдымен қазық қағып, диаметрі 2-3 м шеңбер белгілеп алады;
    • сол жерге шіріген көң, шымтезек немесе түрлі қоспалар (6-8 шелек) сеуіп, 18-20 см тереңдікте жыртады;
    • содан соң көшетті тамыры жерге тиіп тұратындай етіп қазыққа байлайды;
    • шеңбердің сыртқы бетінен топырақ алып, оны көшеттің түбіне диаметрі 2-3 м, биіктігі 50-70 см төбешік пайда болғанша айналдыра үйеді;
    • сабақтың айналасынан шұңқыр жасап, оған су құяды.

Телу және ұластыру

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Егу (ұялап егу).
Жетілдірілетін әдіспен егу.

Телу жемісті ағаштарды көбейтудің негізгі әдісі. Тұқымды және сүйекті сұрыптарды жазда (шілде-тамыз), шырыны қозғалысқа еніп, қабығы сабағынан оңай аршылатын кезде еккен жөн.

  • Телу барысы:
    • қажетті сұрыптың биылғы жас бұтағын (ұзындығы 20 см-ден кем емес) жапырақтарынан арылтып, кішкене (4-5 мм) өркендерін қалдырады да, өткір пышақпен бүршігін қабығымен қоса (ұзындығын 4-5 см етіп), кесіп алады;
    • сосын телінетін екінші ағаштың қабығын Т әрпінше тіліп, оның арасына жоғарыдағы бүршікті салып, сыртынан полиэтилен лентамен байлап тастайды;
  • Отырғызылғанына 1-2 жыл болған, жер бетіндегі диаметрі 10-15 см көшетті егу ұсынылады.
  • Жемісті дақылдар сортын көбейту үшін, сондай-ақ бұтақшалар арқылы ұластыру да қолданылады. Бұл әдісті көктемгі шырын пайда болған кезде, күзде не қыс түсер алдында, қатты аяздан бұрын дайындалған бұтақтарды пайдала отырып жүзеге асырады. Бұтақтарды дымқыл қағазға орап немес полиэтилен қапшыққа салып қар астында, тоңазытқышта не подвалда сақтайды.
  • Ұластырудың бірнеше жолдары бар:
    • жымдастыру (ұластыратын екі өсімдіктің сабағын тиісті тканьдері бір-біріне сай келетіндей етіп қиғаштап кесу арқылы);
    • сүйірлеп жымдастыру ( жымдастырудың жетілдірілген түрі);
    • жарып ұластыру;
    • бүйірінен тіліп ұластыру;
    • қабығынан ұластыру т.б.
  • Отырғызылғанына 1-2 жыл болған, жуандығы бірдей жеміс ағаштарын сүйірлеп жымдастыру жолымен ұластыру ұсынылады.
  • Ұластыру дұрыс өту үшін ағаштардың ауруға ұрынбаған, қысқа төзімді, бұтақтары үсікке шалынбаған және кеуіп қалмаған болуы, қабығы оңай аршылуы тиіс.
  • Ұластыру үшін кескен жер таза, тегіс болу керек.
  • Ұластыратын жерді тығыздап орап байлап және ашық бөліктерді бауға арналған қара маймен майлап қояды. Бір айдан кейін орауын шешеді.
Толық мақаласы: Ұластыру

Жаңадан егілген бауды күтіп-баптау

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Алғашқы жылдары ағаш сабағын айнала 1-1,5 м шеңберде қопсытылған, арам шөптерден тазартылған күйде ұстау керек.
  • Жаңбырдан, суарудан соңғы өсіп-өну кезінде жерді кетпен-шотпен 8-12 см тереңдікте қопсытып, күзде ағаш діңінің айналасын 10-12 м тереңдікте, ал 1 метрден әрі 18-20 см тереңдікте қазып тастайды.
  • Тамырларына зиян келтірмес үшін күректі не айырды ағаштың сабағына қырынан ұстау керек.
  • Отырғызылған жылы және өсе бастаған кезде жеміс ағаштары ылғалды көп қажет етеді. Сондықтан оны маусым бойына әр ағашқа 2-3 шелек су келетіндей есеппен 4-5 рет суару қажет.
  • Жас жеміс ағаштарының айналасына бұл кезеңде әлде бір басқа дақыл отырғызуға болмайды.
  • Жер жеміс қыртысын су шайып кетуден сақтау үшін ағаштардың қатар аралығына, баурайына көпжылдық шөп егуге болады, соның өзінде жеміс ағашының түбінде арам шөп өспеуіне назар аудару керек.
  • Үй іргесіндегі бауда жеміс-жидек және көкөніс дақылдары көбіне бір-біріне жақын орналастырылатындықтан, гербициттерді қолданбаған дұрыс және арам шөптермен күресті жерді қопсыту, жырту арқылы жүргізген жөн.

Жеміс ағаштарының жеміс салу мерзімділігі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жидек дақылдары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қарақат - ылғалды жақсы көретін, ыстыққа шыдағыш дақыл. Оны ойпаңға, дымқылы мол, жел соқпайтын жерге еккен дұрыс. Бұталарын жыл сайын қиып, ескірген шыбықтарын жаңалап отырса, ол өнімді тұрақты береді. Қарлығанды да қарақат сияқты күтіп-баптайды.

  • Таңқурай - тез пісетін, жылдам өнім беретін жидек. Ол жарық жақсы түсетін, жел соқпайтын, қыста қар қар қалың жиналатын ылғалы мен қоректік заттары мол жерді сүйеді. Маусым ішінде екі рет - жаз ортасында және күзде суарады.
    • Таңқурай кесуді бірнеше рет жүргізеді:
      • көктемде - үсіген, сынған, ауруға шалдыққан, нәзік және басы артық бұтақтарды;
      • өнім жинап болғаннан кейін - жемістерін беріп болған бұтақтардың барлығын, нашар өскендерін қырқады.

Күзде таңқурайды үсіктен сақтау үшін бұтақтарын биіктігі 30-40 см-ден аспайтындай етіп иеді. Әдетте таңқурай 5-8 жылдан артық жеміс бермейді. Бақты жаңарту үшін отырғызылғанына 5-6 жылдан кейін ескі бұталардың жерсабақтарын қазып алып тастайды. Сонда босаған орынға жаңа өркендер өседі.

  • Шырғанақ - жұмсақ, су мен ауа өткізгіш жерде жақсы өседі. Құрғақшылық жылдары шырғанақты жаз және күз бойы әр өсімдікке 2-4 шелек есебінен суарып, сондай-ақ органикалық және минералдық тыңайтқыштар енгізіп тұру қажет. Ол отырғызғаннан кейін 3-4 жылдан соң жеміс бере бастайды.
  • Қара жемісті шетен (арония) - ерте пісетін әрі өнімді мол беретін, жемісінің емдік қасиеті бар өсімдік. Оны ылғалы мол, жарық жақсы түсетін жерге еккен дұрыс. Агротехникалық талаптар жақсы сақталса, шетеннің бұталары шоғырланып шыбығы көбейіп кетеді, сондықтан оны жыл сайын сиретіп тұрған жөн.
  • Қара бүлдірген - көпжылдық, жер таңдағыш дақыл, жарық жақсы көреді. Оны егетін жер жазық, тегіс немесе сәл еңкіш, айналасы қысқы қарды көп ұстайтындай бұталармен, ағашпен т.б. қоршалған болуы тиіс. Өсу кеінде 5-6 рет қопсытып, арам шөбін отайды. Жемісін жинап алғаннан кейін жапырақтарын шауып бір жерге үйеді де, зиянкестерін таратпау үшін өртеп жібереді.

Бауға керекті құрал - саймандар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Бауға қажетті құрал-саймандар.

Тырнауыш, күрек түрлері, айыр, кетпендер, қол культиваторы, пышақ түрлері, қопсытқыштар, тәпкілер, қол аралар, су бүріккіш, қайшы, бұтақ кескіш (биіктен), ұзын сапты қайшы, жеміс жинағыш, бұтаны шырпитын қайшы.

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. "Шаңырақ" үй-тұрмыс энциклопедиясы. Алматы. 1991. ISBN 5-89800-035-6 (1-й з-д)

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Агрономия негіздері (авторлар: Жаңабаев Қ., Арыстанғұлов С.) Астана - 2010. 352бет. ISBN 978-601-292-059-8