Беньофф белдемдері

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Беньофф белдемдері - литосфералық тақталар тектоникасы деп аталатын теориялық тұжырымдарға сәйкес, жазық бағытта жылжымалы, біршама жұқа мұхиттық литосфераның біршама қалың да салғырт континентальдық литосфераның астыңғы өңіріне қарай еңіс жазықтық бойымен сұғына жылжуы нәтижесінде қалыптасатын ауқымды белдеу. [1]

Мұхиттар мен континенттердің бір-бірімен тоқайласу өңірінен көрініс беретін Беньофф белдемдері қатты сығылып-жанышталу аймағы, сондықтан бұл өңірдің тектоникалық белсенділігі өте жоғары қарқындылықпен сипатталады. Жер шарындағы бүкіл терең фокусы жерсілкінулер, өте қарқынды жанартаулар әрекеті т. б. тектоникалық белсенділік белгілері нақ осы өңірге шоғырланған.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Геология терминдерінің сөздігі. Н. Сенатов, А. Абдулин.— Алматы: Қазақстан, 1996,ISBN 5-615-01738-4