Бофорт шкаласы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Бофорт шкаласы[1] — желдің жылдамдығын балдар арқылы көрсетуге көмек беретін шартты шкалалар. Шкаладағы нөл — желсіз тымырсық уақытты, 9 балл теңіз дауылын, ал 12 балл — апатты дауылды көрсетеді. 1 мен 9 балдың арасындағы әрбір балл желдің м/сек.-пен өлшенетін жылдамдығының шамамен екі еселенгеніне тең болады.

Бофорт шкаласы — жер бетіндегі нәрселерге жасаған әрекетіне және теңіз толқынысына қарап желдің күшін (жылдамдығын) анықтауға арналған шартты түрдегі 12 балдық шкала. 1806 жылы ағылшын адмиралы Ф. Бофорт жасаған және өзі қолданған. 1963 жылдан дүниежүзілік метеорологиялық ұйым қабылдаған Бофорт шкаласы пайдаланылып келеді. Бофорт шкаласы теңіз навигациясында жиі қолданылады (кестені қ.).[1]

Бофорт шкаласы - көзбен бағалау арқылы желдің күшін (жылдамдығын) баллмен көрсететін шкала. 1963 ж. Дүниежүзілік метеорологиялык ұйым қабылдады. Теңіз навигациясында көп қолданылады. Алғаш рет ұсынған ағылшын адмиралы Ф. Бофорттың атымен аталған (1806). Бофорт шкаласы бойынша жер бетіндегі желдің күші (тегіс жер бетінің үстінде 10 м-лік стандарттық биіктік бойынша).[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. a b Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакңией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт языкознания. Сектор физической географии). Составители: Ж. Аубакиров, С. Абдрахманов, К. Базарбаев. Дереккөз қатесі: Invalid <ref> tag; name "source1" defined multiple times with different content
  2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6