Бронхтық демікпе
Бронхтық демікпе — тыныс алу жолдарының созылмалы ауруы.
Этиологиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ауруға көбінесе аллергиялық факторларлар әкеледі — тағамдық және дәрілік аллергендер, өсімдік тозаңдары, жануарлар жүні, вирустар, саңырауқұлақтар т.б.
Патогенезі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Демікпенің дамуы тыныс алу жолдарының ісініп тарылуымен, жоғары секрециясымен, обструкциялармен және бұлшықеттердің спазмымен байланысты.
Айқындалуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]4 кезеңмен сипатталады: Басталу кезеңі-науқаста бірнеше минут немесе күндер бұрын тынымсыздық, ашуланшақтық, психикалық депрессия, ұйқысының бұзылуы, түшкіру, көздің, терінің қышуы, мұрынның бітелуі, құрғақ жөтел, басының ауыруы болады.Тұншығу кезеңі-науқаста ауа жетіспеушілік сезімі, кеуденің қысылу сезімі, экспираторлы тұншығу, алыстан естілетін ысқсрсқ тәрізді сырыл болады. Жағдайы-тәуелді-шынтағымен тізесін тіреп еңкейіп отырады. Бет терісі боз, кейде көгілдір, дымқыл. Кеуде клеткасы демалу жағдайында-қабырғааралық бұлшықеттері тартылған, мойын тамырлары кеңейген. Жөтелгенде қою қақырық бөлінеді. Перкуторлы дыбысы қысқарған. Аускультацияда-қатқыл тыныс пен әр-түрлі құрғақ сырылда және крепитация. Жүрек тондары әлсіз, тахикардия.Ұстамадан кейінгі кезеңде және ұстама аралық кезеңде науқастың жағдайы жақсы, бірнеше күнге дейін ашық түсті қақырықты жөтел сақталады. Сырылдар естілуі мүмкін.Аурудың жеңіл түрінде ұстама жылына1-2 рет, тез қалпына келеді. Орташа түрінде айына 1 рет. Ауыр түрінде ұстама жиі, ұзақ, астматикалық жағдайға ауысады, 6-8 сағатқа созылады ЖҚА-де-эозинофилия.
Емі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1.Оттегі беру
2.В адреностимуляторлар /адреналин, сальбутамол, изофедрин/ аэрозоль түрінде, ауыр жағдайда тері астына 0,01 мл/кг 0,1% адреналин тағайындалады.
3.Эуфиллин
4.Инфузионды ем /Рингер ерітіндісі, физиологиялық ерітінді, ацесоль, дисоль, ККБ, СаСІ, вит С/
5.Гармондар, антигистаминді препараттар.
6.Жасанды тыныс алдыру
7.Таза ауада серуендеу
8.Қақырық түсіретін дәрілер.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Бронх демікпесі (астма) Kazmedic.org сайтында
|