Буржуазия
Буржуазия– (французша bourgeoіsіe — қала тұрғындары) — елдегі капиталдың едәуір бөлігін иемденген әлеуметтік топ. Оның табыс көзін өндіріс пен саудадағы және қаржы-кредит салаларындағы кәсіпкерлік қызметі құрайды. Буржуазия 16 ғасырдағы революциялар мен реформалар кезінен қалыптаса бастап, өндіргіш күштердің, ғылым мен техниканың дамуына және демократияның орнығуына ықпал етті. Қазіргі дамыған елдерде ірі өнеркәсіп және қаржы Буржуазиясы билікке араласу мүмкіндігіне қол жеткізген. Дамушы елдерде Буржуазияның қалыптасуы қоғамдағы саяси, экономикалық және әлеуметтік өзгерістерге байланысты болады. Социалдық құрылысқа көшкен елдерде Буржуазия тап ретінде жойылған. Социалдық жүйеден бас тартып,нарықтық экономика мен азаматтық қоғам құруға бағыт алған елдерде ірі меншік иелері мен кәсіпкерлікпен шұғылданушылар тобы қалыптасуда.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]“Қазақ Энциклопедиясы”, ||-том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |