Location via proxy:   [ UP ]  
[Report a bug]   [Manage cookies]                
Мазмұнға өту

Генри Кавендиш

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Генри Кавендиш
Henry Cavendish
Туған күні

10 қазан 1731 (1731-10-10)

Туған жері

Ницца, Франция

Қайтыс болған күні

24 ақпан 1810 (1810-02-24) (78 жас)

Қайтыс болған жері

Лондон, Ұлыбритания

Азаматтығы

 Ұлыбритания

Ғылыми аясы

Физика, Химия

Жұмыс орны

Ұлыбритания

Альма-матер

Кембридж университеті

Генри Кавендиш (ағылш. Henry Cavendish; (10 қараша 1731, Ницца — 24 ақпан 1810, Лондон) — ағылшын физигi және химигі, Лондон корольдық қоғамының мүшеci (1760). Кембридж университетін бiтiрген (1753).

Оның негiзгi еңбектерi газдар химиясы мен эксперименттік физиканың әр түрлi салаларына арналған. Газдарды жинау, тазалау және оны зерттеу әдістерін жасады. Таза күйіндегі сутек пен көмірқышқыл газын алды және олардың меншiктi салмағын т. б. қасиеттерін анықтады (1766). Кавендиштің жылу және электр саласы бойынша жүргiзген бiраз зерттеулерi, оның өзi қайтыс болғаннан кейін, көптеген жылдан соң (мысалы, электр саласындағы зерттеулерi 1879 жылы, ал еңбектерінің толық жинағы 1921 жылы) жарияланды. 1871 жылы Кембридж университетiнде ұйымдастырылған физикалық лаборатория Кавендиш есімімен (қ. Кавендиш лабораториясы) аталды.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Совет Энциклопедиясы.1974. Том 5