Георг Фридрих Гротефенд
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Георг Фридрих Гротефенд (нем. Georg Friedrich Grotefend; 9.6.1775, Ганноверш-Мюнден, — 15.12.1853, Ганновер) - көне парсы сына жазуын оқыған неміс филологы. Гротефенд сына жазуларды қиғаш сынаның сөздер арасын бөліп тұратын мағынасына, ежелгі және орта ғасырлардағы парсы патшалары лауазымдарының ұқсастығына сүйене отырып ежелгі парсы шаһтары Дарий мен Ксеркстің есімдерін дұрыс оқыған ("Дарий, ұлы шаһ, шаһтардың шаһы, Гистаспа ұлы, Ахемен әулетінен", "Ксеркс, ұлы шаһ, шаһтардың шаһы, Дарий шаһтың ұлы, Ахемен әулетінен"). Гротефендтің бұл жаңалығы (1802) сына жазуды оқуға негіз болды.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қазақстан Ұлттық Энциклопедия. 3 том. ISBN 5-89800-149-2