Гетера

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Гетера (гр. hetaira — көңiлдес әйел) — Көне Грекияда күйеуге шықпаған, epкiн өмip cүpeтiн, теңдiк және рухани мәдениетте ерекше дараланған әйелдердi атаған.

Гетера түciнiгiн антикалық Вольтер деп аталған Лукиан Самосат бұрмалап, оларды жезөкше әйелге, ал Афродитаны ар төгудiң құдайына теңеген.

Шын мәнiнде, гетера ұғымының тiкелей мағынасы «жолдас әйел», «құрбы» деген түсiнiктердi бiлдiредi. Осындай дәрежеге тек жоғары бiлiмдi және қабiлеттi, антикалық мәдениеттiң озық үлгiлерiн бойына қондыра бiлген, атақты қайраткерлер мен ақыл иелерi, өнерлi тұлғалар ғана жете алған.

Қазiргi жапондық гейшалар тәрiздi, гетералар мiндеттi түрде тәнiмeн саудаға бармай-ақ еркектердiң көңiлiн өздерінің парасаттылығымен, әceмдігімен, өнерлілігімен көтере бiлген.

Грек гетерасы туралы Иван Ефремовтың «Афиналық Таис» атты тарихи романында тартымды бейнелер мен мәдени деректер келтiрiлген.