Location via proxy:   [ UP ]  
[Report a bug]   [Manage cookies]                
Мазмұнға өту

Делфт

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Делфт (нидер. Delft) — Оңтүстік Голландия провинциясында орналасқан қала және қауымдастық[1]. Ол Роттердам мен Гаага қалалары арасында жатыр. Схи өзенінің бойында орын тепкен. 2008 жылғы көрсеткіш бойынша қала түрғындарының саны 96 168 адам. Қала бүгінгі күні Нидерланддағы жоғары технологиялар жасап шығаратын негізгі орталықтардың бірі есебінде.

Сондай-ақ қалада Делфт техникалық университеті мен үкіметтік қолданбалы зерттеулер ұйымы орналасқан. Делфт Нидерландның алғашқы астанасы және Вильгельм Оранскийдің резиденциясы болған. 1584 жылы Вильгельм осы қалада өлтіріледі. Осы оқиғадан соң король отбасының мүшелерін дәстүрлі түрді Делфтегі Жаңа шіркеуде жерлейтін болды.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%94%D0%B5%D0%BB%D1%84%D1%82