Желе

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Желе

Желе[1] — салқын тәтті тағам; жас және жастай тоңазытқан жеміс-жидектен, олардың нәрінен (сөлі), шырынынан, сондай-ақ кілегей мен қаймақтан әзірлейді. Жемістен дайындалатын желе дәмді болуы үшін цедра, ванилин, лимон шырынын, яғни лимон қышқылын қосады. Дайын желе ыдысқа жабысып қалмауы үшін дастарқанға қояр алдында оны ыстық суға салады. Сонымен бірге оның желатині тез және біркелкі жібіп-еруі үшін алдын ала 25—30 минут суға салып қояды.[2]

Лимон желесі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Кастрөлге су құйыл, оған қант салады да, араластырып қайнатады. Ыстық сиропқа цедра, жарты лимон және алдын-ала суға жібіткен желатин қосады. Содан кейөн сиропты тағы да қайнатып, қасықпен араластыра отырып, лимон шырынын құнды. Ыстық сиропты сүзіп, аздап салқындат ады да, формаларға бөліп құнды. 1 лимонға: жарты литр су, 1 стақан қант ұнтағы, 25 г желатин керек.

Мөлдір желе

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Екі жұмыртқаның ақуызын кастрөлге салып езеді, оған қант, желатин салып араластырады да, үстіне қайнаған су құйыл, бетін жауып, баяу жанған отқа 2—3 минут пісіреді. Содан кейін оттан алып тұндырады да, формаларға құнды. 3 стақан суға: 1 стақан қант, 25 г желатин, жарты стақан шарап керек. Жас жеміс қосқан желені кәдімгі желе әзірлегендей әзірлейді; жемісті вазаға немесе формаға салып, үстіне желе құнды. Апельсин мен мандариннің қабығын аршын, алдын-ала турайды. Ал алма, алмұрт, өрік т.б. жемістерді сүйегінен тазартып алады да, сиропқа салып қайнатыл пісіреді, содан кейін салқындатып, бөлшектен кеседі де, формаға құнды.

Мүкжидек желесі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жидекті жуып, тазартыл шырынын сығып алады (2 шай қасық), содан кейін оны желеге қосады. Сығындыға 2 стакан қайнаған су құнды да, пісіреді. Одан соң оны сүзіп, жидек шырынына қант араластырады да, алдын-ала суға салып жібіткен желатинді салып, үнемі араластыра отырып қайнатады. Оттан алып дәкемен сүзеді де, аздап салқындатып, сығыл алған шикі шырынмен араластырады, содан кейін формаларға толтырыл құнды. 150 г жидекке: жарты литр су. 100 г қант, 25 г желатин керек.

Сүт желесі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Кілегейге қант, цедра араластырады да, қайнатыл алып, салқындатады, одан кейін оған алдын-ала суға салған желатин және лимон шырынын қосады. Барлығын араластырып, формаларға құнды да, салқындатады. 1 стақан кілегейге: 120 г қант, жарты лимондай цедра, толық 3 шайқасық желатин, 1 асқасық лимон шырыны қажет.

Қаймақтан жасалған желе

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жақсылан салқындатылған қаймақты қант және ванильмен араластырып, көлемі 2 есе ұлғайғанша шайқайды. Содан кейін желатинге, оны үнемі араластыра отырып, жылы желатинді сыздықтатып құнды. Алынған қоспаны жақсылан араластырады да, формаларға толтырыл, салқындатады.

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
  2. Қазақ тілі терминдер сөздігі I том