Жұматай Ілесбайұлы Асанов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту


Жұматай Ілесбайұлы Асанов
Мансабы: педагогика ғылымдарының докторы, профессор

Жұматай Ілесбайұлы Асанов (25.5.1941 жылы туған, Қызылорда облысы Сырдария ауданы Комсомол ауылы) – педагогика ғылымдарының докторы (2004), профессоры (2006), ҚР Педагогика ғылым академиясының құрметті академигі (2006).

Қызылорда педагогика институтын (1962) және Мәскеу мемлекет педагогика институтының аспирантурасын (1980) бітірген. Қызылорда мемлекет университеті мемлекет университетінде оқытушы, аға оқытушы, доцент (1970–1979), Қазақ ұлттық педагогика университетінде аға ғылым қызметкер (1995–1997) болды.

2004 жылы «Студенттердің этнопедагогикалық білімдері мен икемділіктері жүйесін қалыптастырудың дидактикалық негіздері» деген тақырыпта докторы диссертация қорғаған. Асанов жастарға кәсіптік бағдар беру мәселелері (1989), «Болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық даярлығының теориясы мен практикасы» (1999), тағы басқа ғылым кітаптарының авторы.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]