Жәбірейіл
Жәбірейіл (араб.: جِبْرَائِيل, ивр. גַּבְרִיאֵל) — ислам дінінде Аллаһқа ең жақын жүретін періштелердің бірі, Аллаһ пен пайғамбарлардың, соның ішінде Мұхаммедтің (ғ. с.) арасындағы бас дәнекерші. Құран Кәрімде ол Мұхаммедтің (ғ. с.) жебеушісі, оны дінсіздерден қорғаушы, Мұхаммедке (ғ.с.) Құранды арнайы түсіруші ретінде де белгілі. Түсініктемешілер Жәбірейіл Мұхаммед пайғамбарға бірсыпыра ақиқатты жеткізген деп есептейді. Осы мағынадағы аңыз Мәриям мен Иса туралы әңгімелерде де кездеседі. Діни аңыздарда Жәбірейілдің Мұхаммедтің (ғ. с.) өміріндегі алатын орны да жан-жақты сипатталады. Ол Мұхаммедке (ғ. с.) Құранды бөліп-бөліп бере отырып, рамазан айында тапсырып болған. Ол пайғамбарды қорғап және оған жөн сілтеп, Құдысқа баратын «түнгі сапары» кезінде оған жолсерік болады және де оған әскери шаралар мен діни таластар кезінде көмектеседі. Жәбірейіл, сондай-ақ, Мұхаммедтен (ғ. с.) бұрынғы пайғамбарларға да көмектескен. Аллаһ Жәбірейілді Адамды жасап шығаруға керек топырақты әкелуге де жұмсайды. Жәбірейіл адамға пейіштен қуылғаннан кейін де қамқор болады, ол Нұхтың құтылуына көмектескен және Ибраhимді құтқарып, Жүсіпке көп тіл үйреткен, Дәуітті сауыт жасауға баулыған, сонымен қатар Сүлейменге көмектесіп, Зәкарияға Жақияның қашан туатынын болжап берген. Жәбірейіл Аллаһға жақын төрт періштенің ең лауазымдысы болып табылады. Кейде оны аяғы жерде, басы бұлтта болатын заңғар биік бейнеде сипаттайды[1].
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — Ислам туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |