Игнитрон

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Игнитрон - (лат. Ignis- от және (электрон) –доғалық разрядпен басқарылып жұмыс істейтін жалғыз анодты, сынап катодты иондық прибор. Оның сынап катодына от алдырғыш қосымша анод батырылған. Бұл анод Игнитрон электродтарына параллель жалғасады. Анодқа оң кернеу түскен мезетте, катодтағы жарқырауық дақтан бөлініп шығатын электрондар әсерінен прибордың аноды мен катоды арасында негізгі доғалық разряд пайда болады. Катодтық дақты тудыратын басқа бір шағын электрлік разряд. Бұл разряд сынапқа батырылған анодтан белгілі шамадағы ток импульсі өткен кезде пайда болады. Осы разрядтың оталу мерзімін өзгерту арқылы негізгі доғалық разрядтың басталу мезеті реттеледі. Осылайша түзетілген (анодтық) ток алынады. И.қуатты түзеткіш құрылғыларда,электрлік пісіру құрылғысында, темір жолдық қосалқы электр ст-ларында т. б. қолданылады. Игнитрон шыны қорапты және сумен салқындатылатын тұтас металл қорапты болып жасалады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

М.Қ.Қаратаев, Қазақ совет энцеклопедиясы. 4 том. 672 бет.