Ихуан әс-Сафа

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Тазалық ағаларының хаттары – 12 ғасырдағы араб қолжазбасы

Ихуан әс-Сафаисмаилшыларға жақын тұрған жасырын ғылыми-пәлсапалық қоғам. Таяу Шығыста X ғасырда кұрылған. Солардың атынан 51 трактат жазылып, «Расаил ихуан әс-сафа уә хуллан әл-уафа» деп аталатын энциклопедияны құрайды. Ол «ар-Рисала әл-жамиға» еңбегінің ортақ жиынтығы. Энциклопедия авторлары мен оның жазылған уақыты белгісіз. Әбу Хайян әт-Таухидидің айтуынша, энциклопедиядағы ішкі мазмұнға қарағанда (ондағы әл-Мутанаббидікі деген бәйіттер мен ашариттер атына айтылған сындарға қарап, оның жазылу уақытты X ғасырдың ортасына келетіні, бірақ ол кейін қосылғаны анықталып отыр) «Ихуан әс-Сафа» энциклопедиясы әртүрлі діндердің сұрыпталып, тақлид кезеңінен өтер кездегі жоғары, эзотерикалық ілімге ұмтылушыларға арналған. Ихуан әс-Сафаның трактаттары бүгінгі ғылымның барлығын қамтиды және оның авторларында аристотельдік, неоплатондық ілімдердің, халдейлік астрология мен герменитикалық көзқарастардың орын алғанын көрсетеді. Өздерінің қоғамдастығын энциклопедияшылар болашақ «әділетті мемлекет» үлгісі ретінде қарастырады. Ол Аббас әулеті халифатындағы «әділетсіз мемлекет» үлгісі ретінде қарастырады[1].

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1