Йоркшир
Бұл мақала әлі тексерістен өтпеді. Тексерілмеген мақалалардағы мәліметтер сенімсіз болуы мүмкін.
|
Йоркшир (ағылш. Yorkshire) – солтүстік Англияның тарихи графствосы. Аймақтың ең үлкен аумақтық құрылымы. Ауданы 15 712 км². Графствоның беті өте-мөте әр түрлі. Солтүстік-батысында Англияны ең биік таулары орналасқан. Басқа жерлерде жемісті аймақтармен кезектестіріп ашық батпақты жерлер. Тис және Риббльден басқа өзендер Уз және Гумбер алаптарына жатады. XX ғасырда графство егіншілік және малшылықтан бірінші орын алған. Графствоның батыс жағы минералдар мен фабрикаларға бай. Йоркшир солтүстік, батыс және шығыс райдингке (ерте ағылшынша priding, «үштен бір» деген мағынаны білдіреді) бөлінеді.
Археология
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Материалдардың антропологиялық анализі үстінде шығыс Йоркширдің ескі моласынан біздің заманымызға дейін осы аумақтың халықының физикалық жағдайы туралы қызықты дәйектер алынған. Еркектердің орташа бойы шамалап 1,71 м, ал әйелдердікі – 1,58 м болған. Еркектердің көпшілігі 20,30 немесе 40 жастың басында демі біткен. Ал әйелдер үшін одан да аз болған – 18-20 жастан кіші. Көбісінде қимыл-тірек аппараты ауыры болды. Бірақ тістері жақсы болған. Әсіресе, еркектерде. Солтүстік Йоркширде Аррастың мәдениеті континенттің ауғындарының қатысуымен қалыптасқан деген болжам бар. Көбінесе шығыс Галлияден. Кеш темір ғасырдың жергілікті халқы, жазбаша дереккөздерге танымал, «паризии» деп аталғаны босқа емес. Сонымен қатар, Францияның астанасына өз атын берген кельт тайпаларының бірі. Бірақ бұл тек қана болжам. Себебі, британдық және француздық ескерткіштердің арасында көп айырмашылықтар бар. Аррастың мәдениеті ең басты түрде ескі мола үшін танымал. Соның аумағына енді кірген халық археологтармен енді ғана зерттеліп жатыр.
Көрікті жерлер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Хелмсли бекінісі.
- Скарборо бекінісі.