КВМ

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
KVM схемасы. Перифериялық құрылғылар оң жақтағы компьютерге жалғанған.
KVM

KVM-ауыстырғышы (қысқартылған ағылш. keyboard video mouseпернетақта, видео, тышқан) — енгізу-шығару құрылғыларының бір жинағын бірнеше компьютер арасында коммутациялауға арналған құрылғы.

Әуел баста KVM-ауыстырғыштары, өз атына сәйкес, монитордың, пернетақтаның және тышқанның сигналдарын ауыстырып қосуға пайдаланылған болса, кейінгі кездері дыбысты және USB-ді ауыстырып қосу мүмкіндіктеріне ие KVM-ауыстырып-қосқыштары пайда болды.

Сигналды тікелей ауыстырып қосумен қатар, KVM-ауыстырғышы сөндірілген порттарда құрылғыларды эмуляциялай алады, соның арқасында ол құрылғыларды іздеу кезінде ол машиналарда қате пайда болмайды. Бұған D-Sub, PS/2 және USB шиналары бойынша мәлімет тасымалдау протоколдарының ортақ стандарттарының болуы өз пайдасын тигізді.


KVM-ауыстырғыштарының типтері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

KVM-ауыстырғыштарының алғашқы түрлері механикалық болатын. Олар сыртына стандартты ұяшықтары шығарылған корпус ішіндегі пакеттік ауыстырғыш түрінде болды. Олардың негізгі артықшылықтары - қарапайымдылығы және сенімділігі болатын. Негізгі кемшіліктері - "активті емес" порттардағы пернетақтаны эмуляциялаудың жоқтығы, жалғанатын құрылғылардың арасындағы тікелей гальваникалық байланыс, басқару қиындығы (Пакеттік ауыстырғыш бір уақытта 20-дан астам контакттарды ауыстырып-қосуы керек болатын), кеңейту мүмкіндігінің жоқтығы.

Кейінгі түрлері электрондық коммутацияны пайдаланып, ауыстырып-қосу процессін пернетақтадан басқаруға мүмкіндік беретін еді (әдетте KVM басқару режимін активті ету үшін Scroll Lock пернесін екі рет басу керек). Электрондық ауыстырғыштардың алғашқы нұсқалары сыртқы тұтыну көзін қажет етсе, соңғы нұсқалары PS/2 немес USB портының тұтыну шинасын қолданады.

Одан кейін сигналды алыс қашықтықтарға тасымалдай алатын KVM-ауыстырғыштары пайда болды.

KVM-ауыстырғыштарының соңғы нұсқалары бейнесигналды және пернетақта/тышқан сигналдарын IP-протоколы көмегімен желі арқылы тасымалдай алады (бұлар IP-KVM деген атпен белгілі). IP-KVM ауыстырғышымен жұмыс жасау үшін, жұмыс станциясында Java виртуалды машинасы немесе пайдаланушы мониторына бейнесигналды жеткізіп отыратын арнайы windows-бағдарламасы қажет болуы мүмкін. IP-KVM шығаратын компаниялар, әдетте, бағдарламалық жабдықтың екі нұсқасын да қолданады: Linux/MacOS/*BSD жүйелері үшін java-клиент және Microsoft Windows операциялық жүйесінің басқаруындағы жұмыс станцияларына арналған windows-клиент.

KVM ауыстырғыштарының заманауи нұсқалары аудиосигналды, қосымша USB құрылғыларды, цифрлық бейнесигналдарды (DVI, Display Port секілді) коммутациялауға мүмкіндік береді.

Қазіргі заманғы KVM-ауыстырғыштарын қолдану кезіндегі басты мәселелердің бірі - әртүрлі стандартты емес USB-құрылғыларды (мысалы, сымсыз тышқанды немесе принтерді) коммутациялау болып табылады. Себебі, көптеген өндірушілер қарапайым электронды нумерацияны немесе қарапайым эмуляцияны пайдаланады, сондықтан, бұндай құрылғыларды бір компьютерден екінші компьютерге ауыстырған кезде - ол құрылғы анықталмай қалады. Бұл мәселені True emulation USB (өндіруші-компания Adder Мұрағатталған 26 желтоқсанның 2009 жылы. ) технологиясын қолдану арқылы шешеді.

KVM ауыстырғыштарының өндірушілері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Avocent - Emerson Network Power халықаралық бөлімі

Hewlett Packard(қолжетпейтін сілтеме) - HP халықаралық бөлімі

ATEN Тайвань

Adder Мұрағатталған 26 желтоқсанның 2009 жылы. Великобритания

KVM және алыстан басқару

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Алыстан басқару сервистерімен (SSH, Remote Desktop) салыстырғанда, IP арқылы сигнал тасымалдайтын KVM ауыстырғыштары, операциялық жүйеге тәуелсіз құрылғы болғандықтан, қосымша операцияларды атқаруға мүмкіндік береді (мысалы BIOS-ті басқару немесе операциялық жүйені қондыру).

Сонымен қатар, KVM-ауыстырғышы операциялық жүйелердің саясатына бағынбайды (мысалы, Active Directory немесе /etc/passwd жүйелерінде пайдаланушы тіркелгісін блоктау арқылы ол пайдаланушының KVM-мен жұмысына тосқауыл болу мүмкін емес). KVM IP өнімдерінде Virtual Media сияқты технологияны айта өткен жөн. Бұл технология KVM құрылғыға мәліметтерді IP протоколы бойынша тасымалдап, осының арқасында бағдарламаларды немесе операциялық жүйені қашықтан орнатуға мүмкіндік береді.. Virtual Media қолдайтын құрылғылар: Ipeps Мұрағатталған 1 шілденің 2010 жылы.