Кальдера

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Пальма аралындағы Табуриенте кальдерасы

Кальдера[1] (испанша: caldera— үлкен қазан) — жанартау төбесіндегі беткейлері тік және сатылы сопақша немесе дөңгелек ойыс. Ені 20 км жоне одан да кең, тереңдігі жүздеген м-ге дейін болады. Кальдераны опы- рылмалы жөне жарылмалы деп бөледі. Ең үлкең кальдера Асо жанартауында (Жапония) - 375 км!. Кальдерада көлдер жиі пайда болады.

Кальдера[2]вулканмен салыстырғанда шамадан тыс үлкен, вулканның төбесіндегі сопақ, дөңгелек қазан тәріздес шұңқыр.

Ені 10—20 км-ге, тереңдігі бірнеше жүз метрге кетеді. Кальдера әр түрлі жолмен пайда болуы мүмкін:

  1. жарылыс кальдерасы — газ жарылысының өсерінен кеңіген, вулкан көмейінің жоғарғы ернеуі (Жапониядағы Бандай Сана кальдерасы);
  2. көбінесе лавалық вулкандарға тән құлау кальдералары (Гавай аралдары|Гавай аралдарындағы]] Мауна Лоа кальдерасы);
  3. жер бетіндегі ағын сулардың эрозиясынан пайда болатын, бірақ өте сирек кездесетін, эрозиялық кальдералар (Пальма аралының кальдерасы).

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6
  2. Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакцией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт языкознания. Сектор физической географии). Составители: Ж. Аубакиров, С. Абдрахманов, К. Базарбаев.