Карло Понти
Карло Понти | |
Жалпы мағлұмат | |
---|---|
Туған күні | |
Туған жері |
Италия, Маджента |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Азаматтығы | |
Мамандығы | |
Белсенді жылдары |
1941-1976 |
IMDb |
Карло Понти (итал. Carlo Ponti; 1912 ж. 11-желтоқсан — 2007 ж. 10-қаңтар) — итальяндық кинопродюсер.
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Карло Понти 1912 жылдың 11-желтоқсанында Италияның Маджента қаласында дүниеге келген. Понти құқық негіздерін Миландық университетте оқыған. Продюсерлік іспен Понти 1941 жылдан бастап айналысты жəне өз мансабында 140-тан астам фильм түсірді. Олардың қатарына Федерико Феллини («Жол»), Витторио Де Сики («Неапольдің алтыны»), Дэвид Лин («Живаго дəрігер»), Микеланджело Антониони («Суретті үлкейту», «Қызметім — репортёр») секілді көптеген итальяндық жəне əлемдік кинематографтың классиктерінің фильмдері жатады.
Карло Понтидің екінші əйелі өзі əлемдік деңгейдегі жұлдызға айналдырған Софи Лорен болды. Бұл некеден оның екі ұлы, дирижер болған кіші Карло Понти (бала кезінде киноға түскен) жəне кинопродюсер болған Эдуардо Понти болды. Бірінші некеден туған Алессандро да кинопродюсер мансабын таңдады.
Карло Понти 2007 жылдың 10-қаңтарында өкпе ауруынан Швейцарияның Женева қаласында дүниеден өтті.
Таңдаулы фильмографиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1954 ж. — «Жол»
1954 ж. — «Неаполь алтыны»
1956 ж. — «Соғыс пен бірлік»
1958 ж. — «Сондай əйел»
1960 ж. — «Чочара»
1961 ж. — «Əйелдің аты əйел»
1961 ж. — «Дін қызметшісі Леон Морен»
1962 ж. — «Боккаччо-70»
1962 ж. — «Өсекші»
1962 ж. — «Альтона сопылары»
1963 ж. — «Кеше, бүгін, ертең»
1963 ж. — «Жек көрушілік»
1964 ж. — «Итальянша неке»
1965 ж. — «Оныншы құрбан»
1965 ж. — «Живаго дəрігер»
1966 ж. — «Үлкейтілген сурет»
1967 ж. — «Өрт сөндірушілер балы»
1968 ж. — «Көңілдестер»
1972 ж. — «Ақ, қызыл жəне ...»
1974 ж. — «Сапар»
1975 ж. — «Жарайсың, сұлуым!»
1975 ж. — «Мамандығым - репортер»
1976 ж. — «Оңбаған, арам əрі жауыз»
1976 ж. — «Кассандраны өткізу»