Кастилия
Көрініс
Кастилия[1] (Costіlіa) – Пиреней түбегінің орталық бөлігінде 11 – 15 ғасырларда болған мемлекет. 935 жылы Леон корольдігі құрамында графтық, 1035 жылы жеке корольдік болды. Леон корольдігімен 1037 – 65 жылдары, 1072 – 1154 жылы уақытша, 1230 жылы түпкілікті бірікті. Осыдан кейін Пиреней түбегіндегі қуатты мемлекетке айналды. Арабтармен үздіксіз соғыс жүргізді. Нәтижесінде К. жері оңтүсік ке қарай біршама кеңіді. Салықтардың ауыртпалығына байланысты жиі-жиі халық көтерілістері болып тұрды. 15 ғасырдың соңғы ширегінде Кастилия Испанияға түпкілікті қосылды да, мемлекет ретінде өмір сүруін тоқтатты.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |