Катехоламиндер
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Катехоламиндер — адам мен жануарлар организміндегі физиологиялық, биология-химиялық процестерге қатысатын пирокатехин туындысы. Табиғи катехоламиндерге адреналин, норадреналин және дофамин жатады. Катехоламиндер қанда, түрлі органдарда, тканьдерде және несеп құрамында болады. Кейбір аурудан қан мен нсепте катехоламиндер мөлшері артады. Катехоламиндер зат алмасу процесінде түрлі өзгерістерге ұшырайды, физиологиялық және биохимиялық қасиеттері өзгереді.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ Совет энциклопедиясы: Алматы, 1974. 5 том.