Кафу Нагаи
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Кафу Нагаи | |
(永井 荷風) | |
Лақап аты |
Сокити |
---|---|
Туған күні | |
Қайтыс болған күні | |
Бағыты |
Нагаи Кафу (лақап аты; шын аты— Сокити) (3. 12. 1879, Токио,—30. 4. 1959, Тиб префектурасы, Итикава) — жапон жазушысы. Жапонияның Өнер академиясының мүшесі. Токио шетел тілдері институтының қытай бөлімшесінде оқыды. «Тозақ гүлдері» (1902) атты алғашқы романын Ә. Золяға еліктеп жазды. 1903—08 ж. АҚШ-та, кейін Францияда тұрып, онда символизммен әуестенді. Оның «Сумид өзені» (1909), «Жарыс» (1916—17), «Еріген қар» (1921), «Жаңбыр маусымына дейін және кейін» (1931) атты романдарында жезөкшелер мен гейшелерді бейнеледі- Фашизм етек алған кезде (30 жылдардың соңы —1945) оның кітаптарының жариялануына тыйым салынды. 1946 жылдан бастап «Орден», «Биші» т. б. кітаптары жарияланды.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ Совет Энциклопедиясы,8 том