Кеудеше
Кеудеше (куртка). Кеудешені жүн, «болонь» лаке тектес плащтық және басқа маталардан тігеді. «Болонь» тектес матадан кең етіп тігілген кеудеше. Жеңі құлапарасымен қоса пішілген. Құлапараның қайырма жағы мен түймелік қақпағына осы матаның өңін теріс қаратыл салған. Жеңнің ұшы мен етегі бірнеше қатар резеңке мен бүрмеленген. Жиегі қайырмалы үлкен жапсырма қалта салынған. Кеудешенің барлық детальдарына өрнекті тігіс түскен. Керекті матаның мөлшері: 158—96—104 размерлі кеудешеге ені 100 ем матадан 3 м жұмеалады.
Плащтық матадан тігілген кеудеше Қынамасыз. Жеңі оюлы иінішпен бірге тұтас пішілген. Тік жаға. Артқы бойының иініштен төменгі жеріне қарама-қарсы қатпар түседі. Аузы арт жағынан шығарылған үлкен жапсырма қалтасы бар. Кеуде тұсына барқыттан су жүгірткен. Керекті матаның мөлшері: 164—88—96 размерлі кеудешеге ені 70 ем матадан 4 м 55 ем кетеді.
Плащтық шақпақ матадан тігілген кеудеше. Иық сызығы сәл-пәл төмен түскен. Жеңі тігіліп қондырылады. Артқы және алдыңғы бойларына иініш салынған. Түймелік сыдырмалы, қалтасының қақпағы қиғаш салынған. Артқы бойда қарама-қарсы қайырма қатпар бар. Кеудешенің етегі мен жең ұшы резинкамен бүріліп, басқа маталан су жүгірткен.
Керекті матаның мөлшері: 164—92—96 размерлі ке уд еш еге ені 146 ем матадан 1 м 60 ем, су жүгірту үшін 80 ем (матаның ені 150 ем) жұмсалады. «Болонь» тектес матадан тігілген кеудеше. Иініші синтетикалық мақта салынып сырылған. Жағасы тік, тұтас пішілген. Кеудешенің етегі мен жең ұщы резинкамен бүрілген. Қиғаш түскен қалтасының аузына сырма салынған.
Керекті матаның. мөлшері: 158—96—104 размерлі кеудешеге ені 140 ем болған күнде 2 м 18 ем мата жұмсалады.
Шақпақ жүн матадан тігілген шалбар мен кеудеше. Тік силуэтті. Жеңі жейденікіндей болып пішіліп, манжетпен аяқтал ады. Тік жаға. Түймелік қақпағы матаның қиғашынан пішіліп, сырылған. Кеудешенің етегіне резинка өткізілген. Керекті матаның мөлшері: 176—100—82 размерлі кеудешеге ені 140 ем болған күнде 2 м мата жұмсалады.
Аралас мат адай тігілген күлапаралы кеудеше (ерлерге арналған). Жеңі тігіліп қосылады. Алдыңғы бойдың жоғарғы жағында сыдырма салынған «тікжарма» қалт ал ар. Шалғайында қақпақты тағы екі жапсырма қалтасы бар. Белі сырма бел- беумен буылады. Детальдарға шетінен 0,7 ем қашықтықта өрнекті тігіс түскен. Керекті матаның мөлшері: 176—100—82 размерлі кеудешеге ені 140 ем болған күнде 2 м мата ж үме алады.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |