Кечуа (халық)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Кечуа

Кечуа-әйел баласымен (Перу)
Бүкіл халықтың саны

19,6 - 25,2 миллион

Ең көп таралған аймақтар
Перу

13 887 073 адам

Эквадор

6 018 691 адам

Боливия

3 821 820 адам

Аргентина

1 469 830 адам

Колумбия

39,1 мың адам

Чили

13 667 адам(2012 жылғы санақ)

Тілдері

кечуаша, испанша

Діні

католицизм

Кечуалар (кечуа Qhichwa runa) – үндіс халқы. Оңтүстік Америкадағы Перу, Боливия, Эквадор мемлекеттері халқының едәуір бөлігін құрайды. Перуде 7,7 млн., Эквадорда 4,3 млн., Боливияда 2,47 млн кечуалар тұрады. Сондай-ақ, Аргентина, Чили мен Колумбияда да тұрады. Жалпы саны 14,87 млн. адам. Кечуалар кечуа-аймара тобына жататын кечуа тілінде сөйлейді. Кечуа тілі көптеген диалектілерге бөлінеді. Жазуы латын әліпбиіне негізделген. Инк мәдениетінен қалған әдеби ескерткіштері сақталған. Қазіргі кезде Кечуалардың бір бөлігі испан тілді. Антропология жағынан Кечуалар моңғол нәсілінің америкалық тобына жатады, христиан дінінің католик тармағын ұстанады. Алайда, оларда христиандыққа дейінгі діни наным-сенімдері сақталған.

XV ғасырда инктер мемлекетінің құрылуынан басталған Кечуалардың этн. топтасуы XIX ғ-ға дейін созылды. XVI ғасырда Кечуаларды Испанияның басып алуы, құл иеленушілік пен отарлық қанаудың күшеюі олардың рулық-тайпалық бөлінісін жойып, азаттық қозғалысының өрістеуіне, бірыңғай халық болып қалыптасуына әсер етті. Отаршылық кезеңінің аяқ шенінде (19 ғ-дың 1-жартысы) көптеген ру-тайпаның бір этн. топқа бірігуі нәтижесінде Кечуалардың тілі, мәдениеті қалыптасты. Әр түрлі ауданда қоныстанған Кечуалардың экон. байланысын нығайтуы да этн. топтасу үрдісін жеделдете түсті. Ұлттық, нәсілдік қанауға қарсы Кечуалардың азаттық күресі 20 ғ-дың ортасына дейін созылып келді. Бұған 1855, 1914, 1922 – 23, 1931 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілістері айғақ. Негізгі кәсіптері – егін, мал ш. Кечуалардың аз ғана бөлігі тау-кен өндірісінде еңбек етеді, қолөнермен шұғылданып, киім-кешек тігеді. Муз. аспаптар, ыдыс-аяқ, т.б. заттар жасайды. Балшықтан, қыштан бұйым жасау, тоқымашылық қолөнері дамыған. Қалған бөлігі ірі жер иелеріне жалданып еңбек етеді немесе жерді жалға алады. Ұлттық өнері мен төл мәдениеті сақталған.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Энциклопедиясы