Колориметр

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Колориметр (лат. color – түс және метр)

1) химиядағы Колориметр – ерітіндідегі заттың концентрациясын өлшеуге арналған оптикалық прибор. Колориметрдің көмегімен затта жүргізілетін барлық өлшеулер ерітінді ішіндегі берілген ең көп жұтылатын (ерітіндінің қалған құраушыларында аз жұтылатын) монохромат жарықпен жүргізіледі. Осыған байланысты Колориметр әр түрлі жарық сүзгілерімен жабдықталады. Колориметр визуальдік Колориметр және объективтік Колориметр болып ажыратылады. Колориметр арқылы жүргізілетін өлшеулер әрі қарапайым, әрі жылдам орындалады;
2) астрономиядағы Колориметр – аспан шырақтарының түсін өлшеу үшін қолданылатын прибор. Ол зерттелетін нысанның түсін өзгертуге мүмкіндік беретін құрылғымен жабдықталған визуальдік фотометрге ұқсас болып келеді;
3) үш өлшемді колориметриялық жүйенің біріндегі түсті өлшейтін үш түсті Колориметр де практикада жиі қолданылады.

Булатов М.И., Калининкин И.П.,[1], 2 изд., Л., 1968; Пономарева Л.К.,[2][3]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Практическое руководство по фотоколориметрическим и спектрофотометрическим методам анализа
  2. Методические разработки по колориметрическим методам анализа Минск, 1970.
  3. Қазақ Энциклопедиясы, 11 - том