Коронограф
Коронограф(лат. corona – тәж және грек. grapho – жазамын) – Күн тәжін бақылап, зерттеуге арналған телескоп. Күн тәжі –Күн толық тұтылған кезде ғана көрінетін Күн атмосферасының ең жоғарғы қабаты. 1930 ж. француз астрономы Б.Лио Күн тәжін жай күндері бақылауға арналған Коронографты жасады. Оның негізгі нұсқасы Күн тұтылу сұлбасына сәйкес келеді. Телескоптың алдыңғы линзасының фокусында дөңгелек экран орнатылған. Бұл экран тұтылу кезіндегі Күн сәулесін қабылдап (Ай сияқты), екінші линзаға тек тәж сәулесін жібереді. Экран жанындағы линза алдыңғы линзада пайда болатын дифракциялық сәулені жою үшін қолданылады. Телескоп қосымша спектрлік және фильтрлік құралдардың көмегімен Күн тәжін бақылауға мүмкіндік берді. Алматы обсерваториясында диаметрі 53 см-лік Коронограф орнатылған.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қазақ Энциклопедиясы, 11 - том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |