Ксилофон
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Ксилофон (грек. xylon – кесілген ағаш, phone – дыбыс; итал. sіlofono) – соқпалы музыкалық аспап. Ол қатарластырылып тізілген ағаш пластинкалардың (көлеміне қарай) түрлі биіктікте дыбыс шығару принципіне негізделген. Дыбысты 2 ағаш балғашамен (қасыққа ұқсас) пластинкаларды соғу арқылы шығарады. Ксилофонның диапазоны әр түрлі, көбінесе, бірінші октаваның “си” нотасынан бесінші октаваның “до” нотасына дейінгі аралықты қамтиды. Ксилофонды жеке орындаушымен қатар, оркестр және ансамбльдер құрамына қосып та қолданады.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |