Кіндікбау

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Жүктілік кезіндегі мысық жатырының құрылымы. 1 — Кіндікбау, 2 — Амнион, 3 — Аллантоис, 4 — Қапшық, 5 — Дамушы гематома, 6 — плацентаның аналық бөлігі

Кіндікбау (funiculus umbilicalis; лат. funiculus — бау, umbilicalis - кіндік) — ұрық пен ұрықжолдасты (плацентаны) байланыстырып, жатырдағы ұрықтық дамуды қамтамасыз ететін мүше. Кіндікбаудың негізін ұрық организмінен вена қанын ұрықжолдасқа алып баратын екі кіндікбау қызылтамыры (артериясы) және артерия қанын ұрықжолдастан ұрық организміне алып келетін бір кіндікбау көктамыры (венасы) құрайды. Аталған қан тамырлары бір-бірімен кілегейлі ұлпа арқылы байланысып, сыртынан дәнекер ұлпалық қапшықпен қапталады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9